«Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы» РММ
010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а,
Анықтама телефоны: 8(7172)693083, e-mail: kense@plibrary.kz
Креативтік жобалар қызметінің жетекші сарапшысы
Функционалдық міндеттері:
өзіне жүктелген міндеттердің уақытылы және толыққанды іске асырылуын қамтамасыз ету; еңбек және орындаушылық тәртібін сақтау; Президенттік орталық қызметінің ішкі тәртібі шеңберінде нұсқаулықтар, бұйрықтарды, регламенттер мен өзге де актілер талаптарын орындау; Қызметтің жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізу; азаматтық қоғам институттарымен және сарапшылық ортамен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, сарапшылар пулын дайындау; Ішкі саясат саласындағы имидждік іс-шараларды іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру; мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша имидждік пакеттер үшін ақпараттық материалдар дайындау; ішкі саясат іс-шараларын идеологиялық сүйемелдеу үшін ақпараттық материалдарды, "топиктерді" дайындау; Қазақстан Республикасында және шетелде ғылыми-практикалық іс-шараларға (халықаралық және республикалық конференцияларға, форумдарға, семинарларға, тренингтерге, дөңгелек үстелдерге) қатысу (шығыстар шақырушы тараптың есебінен жабылған жағдайда); Президенттік орталық басшылығы мен Қызмет басшысының өзге де тапсырмаларын орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Қызметтің жетекші сарапшысы лауазымына ішкі саясат саласында жоғары білімі, мамандығы бойынша бес жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар адам тағайындалады.
Қызметтің жетекші сарапшысы: Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясат саласындағы мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ғылыми зерттеулер жүргізу технологиясын, іс-шараларды ұйымдастыру туралы келісімшарттарды жасау және жасасу тәртібін, іскерлік қарым-қатынас этикасын, іс жүргізу негіздерін, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуге тиіс.
Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш);
2) анықтама-объектив;
3) білімі туралы құжаттар және оларға қосымшалар.