Басты бетКонкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы» РММ

 

010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а,

Анықтама телефоны: 8(7172)693083, e-mail: kense@plibrary.kz

 

Креативтік жобалар қызметінің жетекші сарапшысы

 

Функционалдық міндеттері:

өзіне жүктелген міндеттердің уақытылы және толыққанды іске асырылуын қамтамасыз ету; еңбек және орындаушылық тәртібін сақтау; Президенттік орталық қызметінің ішкі тәртібі шеңберінде нұсқаулықтар, бұйрықтарды, регламенттер мен өзге де актілер талаптарын орындау; Қызметтің жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізу; медиа-өрістің мониторингін жүзеге асыру; имидждік жобалар тұжырымдамаларының жобаларын дайындау және оларды іске асыру; ішкі саясат іс-шараларын идеологиялық сүйемелдеу үшін ақпараттық материалдарды, «топиктерді» дайындау; азаматтық қоғам институттарымен және сарапшылық ортамен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, сарапшылар пулын дайындау; мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша БАҚ-та сөздер мен түсініктемелер дайындау; өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, ғылыми-білім беру мекемелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасында және шетелде ғылыми-практикалық іс-шараларға (халықаралық және республикалық конференцияларға, форумдарға, семинарларға, тренингтерге, дөңгелек үстелдерге) қатысу (шығыстар шақырушы тараптың есебінен жабылған жағдайда); Президенттік орталық басшылығы мен Қызмет басшысының өзге де тапсырмаларын орындау.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Қызметтің жетекші сарапшысы лауазымына медиа және коммуникация саласында жоғары білімі, PR, журналистика, жобалық менеджмент саласында бес жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар адам тағайындалады.

Қызметтің жетекші сарапшысы: Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясат саласындағы мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ғылыми зерттеулер жүргізу технологиясын, іс-шараларды ұйымдастыру туралы келісімшарттарды жасау және жасасу тәртібін, іскерлік қарым-қатынас этикасын, іс жүргізу негіздерін, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуге тиіс.

Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш);

2) анықтама-объектив;

3) білімі туралы құжаттар және оларға қосымшалар.