Басты бетЖастар – болашақтың қозғаушы күші

Жастар – болашақтың қозғаушы күші

Жастар – болашақтың қозғаушы күші Жастар – болашақтың қозғаушы күші Жастар – болашақтың қозғаушы күші

Астана халықаралық университетінің Жоғары педагогикалық колледжінің студенттері үшін ҚР ПІБ Президенттік орталығының қызметкерлері «Қазақстан жастары: әлеуметтік портрет және даму перспективалары» тақырыбында көшпелі дәріс өткізді.

Сабақ барысында студенттерге жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту және білім беру салаларындағы түрлі мемлекеттік жастар бағдарламалары мен жобалары таныстырылды. Аталған бастамалар жастардың мәдени, білім беру және кәсіби тұрғыда жан-жақты дамуына, сондай-ақ олардың қоғамға табысты әлеуметтенуіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Іс-шараға шамамен 50 адам қатысты.

Дәріс барысында Президенттік орталықтың жетекші ғылыми қызметкері Гүлден Қарағызова: «Қазақстан – жас мемлекет. Соңғы деректерге сәйкес, халықтың орташа жасы 31,5 жасты құрайды. Соңғы екі жылда жастар саны шамамен 6 миллион адамға жетті. Бүгінде еліміздің әрбір үшінші азаматы – жас буын өкілі. Осылайша, жастар еліміздің ұлттық дамуының басты қозғаушы күштерінің бірі болып табылады», – деп атап өтті.

Сонымен қатар, жастар жасанды интеллекттің дамуы, жаңа технологиялық дәуірдің қалыптасуы, еңбек нарығындағы өзгерістер мен еліміздегі ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша пікірталасқа белсенді түрде қатысты.

Іс-шара соңында колледждің мектеп бөлімінің меңгерушісі Динара Хаменова жастардың ел дамуына қосар үлесі зор екенін атап өтіп, олардың әлеуетін ашуға және заманауи өзгерістерге белсенді қатысуына жағдай жасаудың маңыздылығына тоқталды.