Басты бетКонкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы»

 

010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а,

Анықтама телефоны: 8(7172)693083, e-mail: kense@plibrary.kz

 

Талдау қызметінің басшысы

 

Функционалдық міндеттері:

өз құзыреті шегінде басшылықтың тапсырмаларын уақытылы орындау; еңбек және орындаушылық тәртібін сақтау; Президенттік орталық қызметінің ішкі тәртібі шеңберінде басшылықтың талаптарын, нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, регламенттер мен өзге де актілер талаптарын орындау; Қызмет жұмысының бағыттары бойынша міндеттер мен жауапкершіліктерді бөлу, Қызмет жұмысын ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қызметін талдамалық қолдау міндеттеріне сәйкес талдау жұмыс жоспарларын және олардың орындалуы туралы есептерді дайындау; талдау материалдарды дайындауды қамтамасыз ету, олардың сапасы мен орындалу мерзімдерін бақылауды жүзеге асыру; Қызметтің талдау қызметін әдіснамалық қамтамасыз ету; ішкі және сыртқы «күн тәртібінің» өзекті мәселелері бойынша сарапшылық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, қорытынды ұсынымдар мен қорытындылар дайындау; Мемлекеттік саясатты сарапшылық қолдауды ұйымдастыру – өзекті мәселелер бойынша БАҚ-та сөйлейтін сөз бен пікірлер дайындау; Гранттық жобалар мен бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру аясында ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша конкурстарды ұйымдастыру және оларға қатысу; ішкі саясатты жүзеге асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға арналған практикалық-бағдарлау оқыту іс-шараларын ұйымдастыру; Қазақстан Республикасында және шетелде ғылыми-практикалық іс-шараларға қатысу (шығын шақырушы тараптың есебінен жабылған жағдайда); Қызмет қызметкерлерін көтермелеу, тәртіптік жауапкершілікке тарту және іссапарға жіберу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу; Президенттік орталықта белгіленген қағидаларға сәйкес Қызметте іс жүргізуді бақылауды жүзеге асыру; бюджетті қалыптастыру үшін экономика және қаржы қызметіне ақпаратты уақытылы беруді жүзеге асыру; тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелікке сәйкестігін тексеру, Экономика және қаржы қызметіне ұсынылған өтінімдер негізінде жасалған келісімшарттардың талаптарына сәйкес мерзімдерде мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартты (көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар, жеткізілген тауарлар, шот-фактуралар актілері) орындау жөніндегі құжаттарға қол қою; комиссия мүшесі қызметкерлердің еңбек өтілін есептеу бойынша айқындаған кезде комиссия жұмысына қатысу;    іссапарлардың, біліктілікті арттырудың жылдық жоспарын, Қызмет қызметкерлерінің демалыс кестелерін дайындау; Президенттік орталық директорының және директордың салаға жетекшілік ететін орынбасарының өзге де тапсырмаларын орындау.

 

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Қызмет басшысы лауазымына бейіндік мамандық бойынша кемінде магистр дәрежесіндегі академиялық даярлығы бар және ғылыми-талдау бағыттағы ұйымдарда басшылық қызметте кемінде бес жыл еңбек өтілі бар адам тағайындалады.

Қызмет басшысы: Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясат саласындағы мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ғылыми зерттеулер жүргізу технологиясын, іс-шараларды ұйымдастыру туралы келісішарттарды жасау және жасасу тәртібін, іскерлік қарым-қатынас этикасын, іс жүргізу негіздерін, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуге тиіс.

Қызмет басшысының қызметін тікелей регламенттеу құжаттарының тізбесі: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» 2025 жылғы 5 қарашадағы № 1081 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2020-2030 жылдарға арналған сыртқы саясат тұжырымдамасы туралы» 2020 жылғы 6 наурыздағы № 280 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасын бекіту туралы» 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №1144 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» 2024 жылғы 30 шілдедегі № 611 Жарлығы.

Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

 

1) нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш);

2) анықтама-объектив;

 

3) білімі туралы құжаттар және оларға қосымшалар.