Басты бетКонкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы»

 

010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а,

Анықтама телефоны: 8(7172)693083, e-mail: kense@plibrary.kz

 

Талдау қызметінің жетекші ғылыми қызметкері

 

Функционалдық міндеттері:

өзіне жүктелген міндеттердің уақытылы және толыққанды іске асырылуын қамтамасыз ету; еңбек және орындаушылық тәртібін сақтау; Президенттік орталық қызметінің ішкі тәртібі шеңберінде нұсқаулықтар, бұйрықтарды, регламенттер мен өзге де актілер талаптарын орындау; талдау жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізу; елдегі қоғамдық-саяси ахуалдың мониторингін жүзеге асыру; ішкі саясаттың өзекті мәселелері бойынша талдау жазбалары мен баяндамалар дайындау; ішкі және сыртқы «күн тәртібіндегі» өзекті мәселелер бойынша сараптамалық іс-шаралар өткізу, қорытынды ұсынымдар мен қорытындылар дайындау; ішкі саясатты іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдар үшін тәжірибеге бағдарланған іс-шараларды оқытуға арналған әдістемелік материалдар дайындау; ғылыми зерттеулер жүргізу үшін гранттық қаржыландыруды іздеу және тарту; мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша БАҚ-та сөйлейтін сөз бен пікірлер дайындау; өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, ғылыми-білім беру мекемелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасында және шетелде ғылыми-практикалық іс-шараларға (халықаралық және республикалық конференцияларға, форумдарға, семинарларға, тренингтерге, дөңгелек үстелдерге) қатысу (шығыстар шақырушы тараптың есебінен жабылған жағдайда); Президенттік орталық басшылығы мен Қызмет басшысының өзге де тапсырмаларын орындау.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Қызметтің жетекші ғылыми қызметкері лауазымына жоғары білімі, бес жылдан астам ғылыми жұмыс тәжірибесі, ғылыми еңбектері бар адам тағайындалады (ғылыми дәрежесі болған кезде – жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды).

Қызметтің жетекші ғылыми қызметкері: Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясат саласындағы мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ғылыми зерттеулер жүргізу технологиясын, іс-шараларды ұйымдастыру туралы келісімшарттарды жасау және жасасу тәртібін, іскерлік қарым-қатынас этикасын, іс жүргізу негіздерін, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуге тиіс. Қызметтің жетекші ғылыми қызметкерінің қызметін тікелей регламенттеу құжаттарының тізбесі:

Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» 2025 жылғы 5 қарашадағы № 1081 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2020-2030 жылдарға арналған сыртқы саясат тұжырымдамасы туралы» 2020 жылғы 6 наурыздағы № 280 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасын бекіту туралы» 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №1144 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» 2024 жылғы 30 шілдедегі № 611 жарлығы;

қызмет саласы бойынша өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер.

Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

 

1) нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш);

2) анықтама-объектив;

 

3) білімі туралы құжаттар және оларға қосымшалар.