Басты бетКонкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы»

 

010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а,

Анықтама телефоны: 8(7172)693083, e-mail: kense@plibrary.kz

 

Креативтік жобалар қызметінің жетекші сарапшысы

 

Функционалдық міндеттері:

өзіне жүктелген міндеттердің уақытылы және толыққанды іске асырылуын қамтамасыз ету; еңбек және орындаушылық тәртібін сақтау; Президенттік орталық қызметінің ішкі тәртібі шеңберінде нұсқаулықтар, бұйрықтарды, регламенттер мен өзге де актілер талаптарын орындау; Қызметтің жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізу; креативтік жобалардың дизайнын әзірлеу; ішкі саясат іс-шараларын идеологиялық қолдау үшін визуалды өнімдер дайындау; Қызметтің, сондай-ақ Талдау қызметінің іс-шаралары мен өнімдеріне презентация дайындау; Президенттік орталық басшылығы мен Қызмет басшысының өзге де тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Қызметтің жетекші сарапшысы лауазымына жоғары білімі және дизайн саласында бес жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар адам тағайындалады.

Қызметтің жетекші сарапшысы: Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясат саласындағы мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ғылыми зерттеулер жүргізу технологиясын, іс-шараларды ұйымдастыру туралы келісімшарттарды жасау және жасасу тәртібін, іскерлік қарым-қатынас этикасын, іс жүргізу негіздерін, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуге тиіс. Қызметтің жетекші сарапшысының қызметін тікелей регламенттеу құжаттарының тізбесі: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» 2025 жылғы 5 қарашадағы № 1081 Жарлығы; Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 19 маусымдағы № 93-VIII «Масс-медиа туралы» ҚРЗ заңы; Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 10 шiлдедегi № 18-VIII «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» ҚРЗ заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасын бекіту туралы» 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №1144 Жарлығы; қызмет саласы бойынша өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер.

Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

 

1) нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш);

2) анықтама-объектив;

 

3) білімі туралы құжаттар және оларға қосымшалар.