Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін қажырлы еңбектің, ортақ жауапкершіліктің және тағдырлы өзгерістердің кезеңі болды.
Осы маңызды үдерістерге Президенттік орталық та өз тарапынан лайықты үлес қосты. Осы ретте ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан бойынша өкілі, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Өңірлік офисінің директоры Амир Пирич мырзаның Президенттік орталықтың тарихи мұраны сақтау, ұлттық болмысты нығайту және Қазақстанның мәдени бастамаларын халықаралық деңгейде ілгерілетудегі айрықша рөлін жоғары бағалағанын атап өткім келеді.
Мұндай жоғары баға біз үшін үлкен мәртебе әрі алдағы жұмыстарымызды одан әрі табысты жалғастыруға серпін береді. Әрбір қазақстандық өз ісіне адалдықпен қарап, еліміздің қуаты мен өркендеуіне өз үлесін қоса береді деп сенемін. Сонда ғана әр шаңырақта тыныштық, береке мен бақыт орнығады.
Жаңа жыл құтты болсын!
Құрметпен,
Қазақстан Республикасы
Президенттік орталығының
директоры
Бақытжан ТЕМІРБОЛАТ