Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Президенттік орталығының қызметкерлері Астана қаласында тұратын Социалистік Еңбек Ері, ардагер Валентин Петрович Щербаковты барып құттықтады.
Кездесу барысында Валентин Петровичке мерекелік азық-түлік жиынтықтары табысталды. Алда келе жатқан 2026 Жаңа жылмен құттықтай отырып, Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері ардагерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасына амандық тіледі.