Алдағы 2026 жылы біз еліміздің тәуелсіздігіне 35 жыл толуын атап өтеміз. Мерейтойлық жылдың бастауын Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның 35 жылдығын мерекелеу айқындады. Бұл – тәуелсіздікке жол ашқан, 1991 жылғы 16 желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының пайда болуына негіз болған тағдырлы құжат.
Қазақстандықтар үшін қасиетті осы күні баршаңызға амандық пен бақ-береке, ал Отанымызға өсіп-өркендеу тілеймін!
Құрметпен,
Қазақстан Республикасы
Президенттік орталығының
директоры Бақытжан ТЕМІРБОЛАТ