Басты бет«Тарихи мұра және бүгінгі Қазақстан» атты жаңа басылымдарға арналған библиографиялық шолу өтті

«Тарихи мұра және бүгінгі Қазақстан» атты жаңа басылымдарға арналған библиографиялық шолу өтті

«Тарихи мұра және бүгінгі Қазақстан» атты жаңа басылымдарға арналған библиографиялық шолу өтті «Тарихи мұра және бүгінгі Қазақстан» атты жаңа басылымдарға арналған библиографиялық шолу өтті «Тарихи мұра және бүгінгі Қазақстан» атты жаңа басылымдарға арналған библиографиялық шолу өтті «Тарихи мұра және бүгінгі Қазақстан» атты жаңа басылымдарға арналған библиографиялық шолу өтті

ҚР ПІБ Президенттік орталығындағы кітапхана қорындағы жаңа басылымдарға арналған «Тарихи мұра және бүгінгі Қазақстан» атты библиографиялық шолу өтті.

Шараның мақсаты – Қазақстанның тарихи дамуы, тәуелсіздік жылдарындағы саяси үдерістер, халықаралық қатынастар және ұлттық руханият тақырыптарындағы маңызды ғылыми еңбектерді таныстыру, сондай-ақ оқырмандардың ғылыми-танымдық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру болды.

Библиографиялық шолу барысында 2023–2025 жылдары жарық көрген отандық авторлардың бірқатар іргелі зерттеулері мен жаңа басылымдары таныстырылды. Атап айтқанда: «Дипломатия Президента Токаева. Монография» – қазіргі Қазақстан дипломатиясының бағыттары мен халықаралық бастамаларына арналған еңбек; А.Қ. Арыстанбекова. «Грани дипломатии Казахстана» – еліміздің тәуелсіздік қарсаңы мен алғашқы жылдарындағы халықаралық байланыстар тарихын баяндайтын құнды зерттеу; «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан тарихының тағылымы» – егемендік кезеңінің саяси және әлеуметтік тәжірибесін жүйелі талдаған жинақ; «Абылай ханның қара жолы» экспедициясы материалдары (III, IV, V томдар) – Ресей, Моңғолия және түркі әлемі мұрағаттарынан алынған деректер негізіндегі тарихи-танымдық зерттеу еңбектері; қазақ руханиятына арналған жаңа еңбектер – Несіпбек Айтұлының шығармашылық мұрасы, Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы зерттеулер, сондай-ақ Алаш қозғалысына қатысты тың ғылыми еңбектер; Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай жарық көрген «Халықтың Оралханы: естеліктер» жинағы – жазушының әдеби мұрасы мен тұлғалық болмысын айшықтайтын естеліктер топтамасы.

Сонымен қатар, көрмеде Қазақстан тарихына, ұлттық сананың қалыптасуына, мемлекеттіліктің даму кезеңдеріне арналған жаңа ғылыми еңбектер, архивтік деректерге негізделген тарихи зерттеулер мен авторлық монографиялар ұсынылды.

Көрмеге ұлттық сана, мемлекеттілік, тарихи сабақтастық және рухани мұра тақырыптарын қамтитын 30-дан астам жаңа кітап қойылды. Әрбір басылым бойынша қысқаша библиографиялық анықтама беріліп, оқырмандарға мазмұнды ақпарат ұсынылды.

 

Гүлнар Қаужапарова

Кітапхана жұмысы қызметінің жетекші сарапшысы