Бүгін 2025 жылғы «Әділетті қоғам: саяси қағидаттар және құндылықтар жүйесі» атты қорытынды семинар-тренинг өтті. Іс-шара Жоғары көлік және коммуникация колледжінде өтіп, Қазақстан жастарына арналған Президенттік орталық ұйымдастырған білім беру кездесулерінің циклін аяқтады.
Өткен аптада, 3 және 4 желтоқсанда Астана қаласының Жоғары көлік және коммуникация колледжі мен «Astana Polytechnic» жоғары колледжінің қатысушыларына осындай тренингтер өткізілді.
2025 жыл бойы жоба аясында 57 семинар-тренинг өтті, оған Қазақстанның барлық өңірлерінен жоғары сынып оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері жалпы саны: 1543 тыңдаушы қатысты. Оның 39-ы вебинар (online) форматта өтті.
Барлық өткізілген сабақтар жастардың әділетті қоғам құндылықтары, саяси мәдениеттің негізгі қағидаттары, жеке жауапкершілік пен азаматтық белсенділік туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған. Қамтылған өңірлердің кеңдігі мен аудиторияның көптігі Қазақстан жастары үшін азаматтық білім беруді барынша қолжетімді етіп, әділеттілік, азаматтардың құқықтары мен міндеттері сияқты маңызды мәселелерді ашық талқылайтын тұрақты алаң құруға мүмкіндік берді.
Президенттік орталық қатысушылар тарапынан аса жоғары қызығушылық байқалғанын атап өтеді. Пікірлерге сүйенсек, семинар-тренингтер мазмұны жағынан да, практикалық тұрғыдан да өте пайдалы болған. Жастар интерактивті формат, командалық жұмыс және ашық пікірталастар саяси қағидаттарға, әділеттілік идеяларына және өздерінің азаматтық жауапкершілігіне жаңа көзқараспен қарауға ықпал еткенін жеткізді. Көптеген қатысушылар мұндай сабақтар қоғамдық процестерге саналы көзқарас қалыптастырып, қоғам өміріне қатысуға нақты мүмкіндіктер беретінін жеткізді.
2026 жылдан бастап семинар-тренингтер бағдарламасы Президент Қ.К. Тоқаевтың жаңа бастамалары мен стратегиялық құжаттарына сәйкес жаңартылып, өзектендіріледі және қазіргі заманға сай мазмұны толықтырылып, атауы өзгертіледі.