Басты бетТәуелсіздік күніне арналған «Менің отбасымның тарихы – Отанымның тарихы» шежіре фестивалі

Тәуелсіздік күніне арналған «Менің отбасымның тарихы – Отанымның тарихы» шежіре фестивалі

Тәуелсіздік күніне арналған «Менің отбасымның тарихы – Отанымның тарихы» шежіре фестивалі Тәуелсіздік күніне арналған «Менің отбасымның тарихы – Отанымның тарихы» шежіре фестивалі Тәуелсіздік күніне арналған «Менің отбасымның тарихы – Отанымның тарихы» шежіре фестивалі Тәуелсіздік күніне арналған «Менің отбасымның тарихы – Отанымның тарихы» шежіре фестивалі Тәуелсіздік күніне арналған «Менің отбасымның тарихы – Отанымның тарихы» шежіре фестивалі Тәуелсіздік күніне арналған «Менің отбасымның тарихы – Отанымның тарихы» шежіре фестивалі

           ҚР ПІБ Президенттік орталықта Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған дәстүрлі жыл сайынғы «Менің отбасымның тарихы – Отанымның тарихы» шежіре фестивалі өтті.

Шара Астана қаласы әкімдігіне қарасты Әдістемелік орталық және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қатысуымен ұйымдастырылды.

Фестивальдің мақсаты — балалардың әлеуметтік-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, тәрбиеленушілердің отбасымен тиімді өзара іс-қимылды дамыту, отбасылық құндылықтарды, рухани мәдениетті және ұлттық дәстүрлерді сақтау мен нығайту.

«Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаев өз сөздерінің бірінде: «Әрбір адам өмірінде отбасының орны ерекше. Ол өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, ұлттық құндылықтарға баулуда аса маңызды рөл атқарады. «Отан отбасынан басталады» деуі бекер емес. Дәстүрге құрмет те, патриотизм де туған ошақтан нәр алады», – деп атап өткен еді», – деді Президенттік орталық директорының кеңесшісі Серік Сыдыков.

Фестивальге елордалық балабақша тәрбиеленушілерінің отбасылары қатысты. Қатысушылар өздерінің «Жеті ата» шежірелерін шығармашылық түрде таныстырып, отбасыларының тарихымен бөлісті.

«Бұл шара жастар мен балаларды тәрбиелеуге зор үлес қосып жатыр деп есептеймін. Қазақтың салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын үйретуде маңызы өте жоғары. Елорданың барлық балабақшалары белсенді атсалысып келеді. Мұхтар Әуезов айтқандай: «Халқыңды түзеймін десең, алдымен бесігін түзе». Бесіктен тәрбие көрген бала – жаны да, жүрегі де таза болып өседі», – деді № 91 «Еңлік» балабақшасы тәрбиеленушісінің ата-анасы Өскенбай Абылбай.

Шараға жалпы шамамен 150 адам қатысты.

Шара қорытындысы бойынша қатысушы отбасылар келесі номинациялармен марапатталды:

  1. «Үлгілі отбасы» – Мырзабаевтар отбасы (№93 «Айгөлек» б/б);
  2. «Ұлттық құндылықтарды насихаттаушы отбасы» – Шакировтар отбасы (№52 «Еркетай» б/б);
  3. «Тарихы терең отбасы» – Мұкашевтер отбасы (№91 «Еңлік» б/б);
  4. «Өнерлі отбасы» – Жақсыбаевтар отбасы (№5 «Ақбота» б/б);
  5. «Өнегелі отбасы» – Құрманғали отбасы (№15 «Дарын» б/б);
  6. «Мерейлі отбасы» – Есіркеповтер отбасы (№51 «Алтын сандық» б/б).

Барлық қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Балабақша басшыларына, әдіскерлерге және тәрбиешілерге ҚР Президенттік орталығының алғыс хаттары тапсырылды.