Тәуелсіздік күні қарсаңында білім беру мекемесінің бастамасымен 6–8 сынып оқушылары үшін Президенттік орталықтың музей залдары бойынша тақырыптық экскурсиялар ұйымдастырылып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» атты арнайы музей сабақтары өтті. Іс-шараларға 200-ден астам оқушы қатысты.
Танымдық бағдарлама барысында оқушылар Қазақстан мемлекетінің қалыптасу кезеңдерін көрсететін сирек экспонаттарды көріп, мемлекеттік рәміздердің пайда болу тарихымен жақын танысты. Президенттік орталықтың қызметкерлері әрбір рәміздің мағынасы, ел бірлігін нығайтудағы рөлі және олардың артында тұрған құндылықтар туралы әңгімелеп берді.
Сабақ барысында оқушылар Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы маңызды сәттерді, қазіргі мемлекет дамуының ерекшеліктерін және тарихи сабақтастықты сақтау маңызын білді. Интерактивті бөлімде талқылаулар, мультимедиалық материалдарды тамашалау және шағын танымдық тапсырмалар орындалып, балалар тақырыпты тереңірек меңгеруге мүмкіндік алды.