Басты бетПрезиденттік орталықта «Менің отбасымның тарихы – Отанымның тарихы» атты дәстүрлі шежіре фестивал...

Президенттік орталықта «Менің отбасымның тарихы – Отанымның тарихы» атты дәстүрлі шежіре фестивалі өтеді

Президенттік орталықта «Менің отбасымның тарихы – Отанымның тарихы» атты дәстүрлі шежіре фестивалі өтеді

5 желтоқсанда сағат 11.00-де ҚР ПІБ Президенттік орталықта Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған дәстүрлі жыл сайынғы шежіре фестивалі «Менің отбасымның тарихы – Отанымның тарихы» өтеді.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастырылады.
Фестивальдің мақсаты — балалардың әлеуметтік-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, тәрбиеленушілердің отбасыларымен тиімді өзара іс-қимыл орнату, отбасылық құндылықтарды, рухани мәдениетті сақтау және нығайту, сондай-ақ отбасылық және ұлттық дәстүрлерді жаңғырту.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев өз сөздерінің бірінде атап өткендей:
«Әрбір адамның өмірінде отбасының орны ерекше. Ол өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, балаларды ұлттық құндылықтарға баулуда маңызды рөл атқарады. «Отан – отбасынан басталады» деп бекер айтылмаған. Дәстүрді құрметтеу де, патриотизм де отбасы ұясынан бастау алады».

Фестивальге елорда балабақшаларының тәрбиеленушілері мен олардың отбасылары қатысады. Қатысушылар «Жеті ата» шежіресін шығармашылық тұрғыда таныстырып, өз әулеттерінің тарихымен бөліседі.

Іс-шара қорытындысы бойынша номинациялар тағайындалып, марапаттау рәсімі өтеді.

 

Аккредитация міндетті!

БАҚ өкілдерінен 2025 жылғы 4 желтоқсан сағат 18:00-ге дейін өз деректерін төмендегі электрондық пошта мекенжайына жіберуді сұраймыз: muxammed8631@gmail.com

Байланыс нөмірі: 8 (7172) 69-30-57, +7 707 955 59 05 (Оңалбаева Сауле).

Мекенжай: Астана қ., Бөкейхан көшесі, 1а