Басты бетSeifullin University студенттеріне арналған дәріс

Seifullin University студенттеріне арналған дәріс

Seifullin University студенттеріне арналған дәріс Seifullin University студенттеріне арналған дәріс Seifullin University студенттеріне арналған дәріс Seifullin University студенттеріне арналған дәріс

2 желтоқсанда ҚР Президенттік орталығында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенттеріне қызықты дәріс өтті.

«Астана – тәуелсіз Қазақстанның символы» тақырыбына арналған дәріс барысында студенттер қаланың тарихын, оның даму кезеңдерін және қазіргі заманауи мегаполиске айналу жолын жан-жақты зерделеді. Қатысушыларға Астананың халықаралық имиджінің қалыптасуы, оның елдің саяси, мәдени және әлеуметтік өміріндегі орны, сондай-ақ қалада өткен аса маңызды халықаралық іс-шаралардың маңызы туралы кеңінен баяндалды. Елорданың дамуында маңызды рөл атқарған маңызды шешімдер мен бастамаларға ерекше назар аударылды.

Президенттік орталық қорындағы материалдар студенттерге елорданың Қазақстанның басты брендтерінің біріне қалай айналғанын, оның дамуы мемлекетіміздің халықаралық аренадағы беделін нығайтуға қалай ықпал еткенін көрнекі түрде түсінуге мүмкіндік берді.

Кездесу соңында студенттер алған әсерлерімен бөлісіп, сұрақтар қойып, елорданың келешегі, оның мемлекеттің өркендеуіндегі орны және жас буын үшін маңызы жайлы ой бөліскен мазмұнды әрі белсенді пікірталас өрбіді.