Басты бетҰлттық аспаптар әлемі

Ұлттық аспаптар әлемі

Ұлттық аспаптар әлемі Ұлттық аспаптар әлемі Ұлттық аспаптар әлемі Ұлттық аспаптар әлемі Ұлттық аспаптар әлемі

Бүгін елордадағы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының оқушылары Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында өткен «Қазақтың музыка өнері» музей сабағына қатысты.

Музейдің интерактивтік залында ұйымдастырылған сабақта қобыз, домбыра, жетігенді ұстап көрген жасөспірімдер ұлттық аспаптардан төгілген күйлерді тыңдады. Қатысушылар сабақ барысында қобыз аспабының түрлері, күй атасы Қорқыттың шығармалары мен нақыл сөздері туралы мол мағлұмат алып, Дәулеткерей Шығайұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Нұрғиса Тілендиев және т.б. қазақтың танымал күйшілерінің өмір жолына терең бойлады.

 Сабақ соңында Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының оқушылары халық күйлерін орындап, өз өнерлерін ортаға салды.