ҚР ПІБ Президенттік орталығында Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің Көркемөнер факультетінің студенттері мен түлектерінің «Елімнің еңсесін көтерген тәуелсіздік» атты көрмесі өтті.
Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы мен Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетімен бірлесіп ұйымдастырған аталмыш көрме Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отыр.
К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің көркемөнер факультеті 2010 жылы ашылды. Жыл сайын факультеттің бакалавриат деңгейіне 17 білім беру бағдарламалары бойынша студенттер және магистратура деңгейіне 3 бағдарлама бойынша білім алушылар қабылданады. Факультет келесі біліктілік: суретші – кескіндемеші, мүсінші, суретші - реставратор сәндік – қолданбалы өнер бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды.
Факультетте ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері, «Құрмет» орденінің, «Мәдениет қайраткері», «Мәдениет саласының үздігі» атақтарының және басқа да сыйлықтардың иегерлері: Аманжол Мұсалімов, Лейла Махат, Бақытбек Мұхаметжанов, Серікжан Балтаев, Исмаил Ачилов, Арыстан Смагұлов, Шыныбай Прімбаев, Мұхтар Байбосын, Жанна Омарова, Байқоныр Ижанов, Армат Бектас, Ботагөз Төлеш, Махамбетжанова Гульнар және т.ғ.б. Қазақстан бейнелеу өнерінің көрнекті шеберлері педагогикалық қызмет атқарады.
Факультет ұстаздары педагогикалық қызметтін тыс шығармашылық жұмысымен белсенді айналысады. Мүсінші, МАК профессоры Бақытбек Мұхаметжанов - Әлихан Бөкейханов (Семей қ.), Хиуаз Доспанова (Атырау қ.), ретропаркдегі «Дос-Мұқасан» мүсін композициясы (Актау қ.) сынды бірнеше ескерткіштердің авторы.
Қазақ ұлттық өнер университетінің Көркемөнер факультетінің студенттері мен түлектер жасаған 31 сүрет, 12 киім үлгісі, 4 мүсін, барлығы 47 жұмыс ұсынылған.
Туындылар тақырыбы Қазақстанға арналған, мұнда жас суретшілер тарих, фольклор және ұлттық нақыштарға ерекше көніл бөлген. Тарихпен бүгінгі заман ұштасатын Дала қозғалысы», «Сауда көші» картиналары, сонымен қатар Айша - Бибі, Балқаш көлі туралы аңыздар, «Ер-Төстік» ертегілері бойынша орындалған картиналар бұған дәлел болып табылады.
Қорқыт - Ата бейнесі мен Қожа Ахмет Ясауи кесенесін көрем аламыз. Сонымен қатар ұлттық салт-дәстүрлерге арналған туындылар да қызығушылық тудырады. Қазақстан астанасының сәулетіне арналған картиналар да көрмеде орын алады.