Басты бетПрезиденттік орталықта Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциясына арналған Панельдік пікірта...

Президенттік орталықта Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциясына арналған Панельдік пікірталас өтеді

Президенттік орталықта Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциясына арналған Панельдік пікірталас өтеді

2025 жылғы 20 қарашада, сағат 10:00-де ҚР ПІБ Президенттік орталығында «Тұрақты өсу жолында: Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциясы» атты Панельдік пікірталас өтеді.

Халықаралық бәсекелестік күшейіп, жаһандық сауда жүйесі трансформацияланып жатқан жағдайда Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы және басқа да негізгі халықаралық экономикалық институттарға қатысуы ұлттық мүдделерді ілгерілетуге, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және елдің жаһандық экономикалық үдерістерге терең интеграциялануына ықпал ететін маңызды тетік болып табылады.

Президент Қ.К.Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу», «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм», «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты бағдарламалық құжаттары мен Жолдауларында көрсетілген стратегиялық бағыттар аясында экономикалық басымдықтарды іске асырудың практикалық жолдарын сараптық тұрғыдан талқылаудың маңызы артып отыр.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес қауымдастығының, ғылыми және сараптамалық қауымдастықтың өкілдері қатысады.

Пікірталас барысында қатысушылар өзекті экономикалық үрдістерді талқылап, Қазақстанның жаңа экономикалық моделін жүзеге асыруға бағытталған нақты қадамдарды әзірлейді.

 

Аккредитация міндетті!

БАҚ өкілдерінен 2025 жылғы 19 қараша сағат 17:00-ге дейін өз деректерін төмендегі электрондық пошта мекенжайына жіберуді сұраймыз: krg1234567@mail.ru.

Байланыс нөмірі: 8 (7172) 69-30-50, +7 701 288 39 36 (Нүркенов Әсет).

Мекенжай: Астана қ., Бөкейхан көшесі, 1.