Басты бетӘділдік – өмірлік ұстаным: Қазақстан жастары болашақ құндылықтарын талқылауда

Әділдік – өмірлік ұстаным: Қазақстан жастары болашақ құндылықтарын талқылауда

Әділдік – өмірлік ұстаным: Қазақстан жастары болашақ құндылықтарын талқылауда Әділдік – өмірлік ұстаным: Қазақстан жастары болашақ құндылықтарын талқылауда Әділдік – өмірлік ұстаным: Қазақстан жастары болашақ құндылықтарын талқылауда

3 пен 14 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері  «Әділетті қоғам: саяси қағидалар мен құндылықтар жүйесі» семинар-тренингтер сериясын өткізді.

Білім беру іс-шаралары онлайн форматта І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен Торайғыров университетінің студенттері, сондай-ақ Қарағанды және Павлодар облыстарының мектеп оқушыларына ұйымдастырылды. Бұған қоса, Астана қаласындағы Кәсіптік-техникалық колледж студенттеріне арналған көшпелі семинар-тренинг те өтті.

Семинар кезінде қатысушылар әділеттілік түсінігінің саяси және философиялық негіздерін зерделеп, қоғамдағы мораль мен этика мәселелерін, сонымен бірге әділ әрі тұрақты қоғам қалыптастырудағы адамның орны мен жауапкершілігін талқылады.

«Семинар маған өте жақсы әрі терең әсер қалдырды. Тек тыңдап қана қоймай, басқалармен бірге «әділ адам болу деген не?» деген сұрақ төңірегінде ой бөлісу қызықты болды. Әсіресе, заманауи өмірден ғана емес, тарихтан да мысалдар келтірілгені ұнады. Бұл әділдік пен теңдік идеалдарының халық тағдырында әрдайым маңызды рөл атқарғанын жақсырақ түсінуге көмектесті. Семинардағы атмосфера шынайы да ашық болды, әркім өз ойын еркін жеткізе алды», – дейді Осакаровка кентіндегі №9 гимназия базасындағы Тірек мектебі " КММ оқушысы Камила Доминова.

Мазмұнды бағдарлама, интерактивті жұмыс түрлері мен еркін пікірталас алаңы оқытушылар тарапынан да жоғары бағасын алды.

«Менің студенттерім Президент орталығы ұйымдастырған семинар-тренингке қатысты. Іс-шара барысында олар еліміздің саяси құндылықтары мен әділетті қоғам құру қағидаттары туралы көптеген пайдалы ақпарат алды. Орталық қызметкерлеріне кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігі үшін алғысымды білдіремін. Олардың еңбегі арқасында тренинг мазмұнды әрі шабыттандыратын сипатта өтті», – деді Астана қаласындағы Кәсіптік-техникалық колледждің оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанна Баймұратова.

Семинар барысында тақырыптың философиялық қырлары да назардан тыс қалмады.

«Сабақта қатысушылардың пікірлері мен әйгілі философтар мен қоғам қайраткерлерінің анықтамалары негізінде «әділеттілік» ұғымының түрлі түсіндірмелері қарастырылды. Біз әділеттілік пен теңдік арасындағы айырмашылық пен байланыс туралы пікір алмастық. Семинарға қатысқан соң, мен осы ұғымға деген көзқарасымды қайта қарап, адамдар оны әртүрлі қабылдайтынын түсіндім. Спикер тақырыпты тереңірек ұғынуға көмектесті», – деп ой бөлісті Торайғыров университетінің энергетика факультетінің екінші курс студенті Владимир Ададуров.