Басты бетПрезиденттік орталықта қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған семинар өтті

Президенттік орталықта қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған семинар өтті

Президенттік орталықта қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған семинар өтті Президенттік орталықта қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған семинар өтті

Президенттік орталық қызметкерлерінің қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында семинар ұйымдастырылды. Семинардың спикері «Қарызсыз қоғам» жобасының менторы, қаржы жөніндегі сарапшы Д. Мыңбаев қатыcушыларға жеке қаржыны басқару негіздері мен тиімді бюджеттік жоспарлау тәсілдерін түсіндірді. Қаржылық жағдайды диагностикалау, жеке және отбасылық бюджетті тиімді басқару, кіріс пен шығысты есептеу, табыс көлеміне қарамастан қаржыны оңтайлы пайдаланудың жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді. Қаржы сарапшысы Д. Мыңбаев атап өткендей,  аз табыспен де бюджетті дұрыс жоспарлап, қаражатты тиімді басқаруға болады.

Семинарда сондай-ақ пайыздық мөлшерлеме ұғымы мен несие алу кезіндегі негізгі қағидалар талқыланды. Қатысушыларға несие шарттарымен мұқият танысып шығу қажеттілігі, пайыздық мөлшерлеме жоғары болған сайын төлем жүктемесі де арта түсетіні түсіндірілді. Сонымен қатар, несиенің тиімділігі мен тәуекелдері, депозиттің пассив табыс көзі ретіндегі маңызы, сондай-ақ жеке қаражатты көбейту тетіктері туралы пайдалы кеңестер берілді.

Семинар соңында қаржы саласындағы өзекті мәселелердің бірі – алаяқтық әрекеттердің алдын алу мәселесі қозғалды. Сарапшы азаматтарға интернет және қаржы алаяқтарының әрекеттерінен қорғану тәсілдерін, жеке деректерді қорғау және қауіпсіздік шараларын сақтау маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара қызметкерлердің жоғары қызығушылығын тудырып, сұрақ-жауап форматында өтті.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға «Қарызсыз қоғам» жобасының сертификаттары табысталды.