Басты бетПрезиденттік орталықта Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған «БҰҰ – 80: шынайылық» атты...

Президенттік орталықта Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған «БҰҰ – 80: шынайылық» атты фотокөрме ашылды

Президенттік орталықта Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған «БҰҰ – 80: шынайылық» атты фотокөрме ашылды Президенттік орталықта Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған «БҰҰ – 80: шынайылық» атты фотокөрме ашылды Президенттік орталықта Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған «БҰҰ – 80: шынайылық» атты фотокөрме ашылды Президенттік орталықта Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған «БҰҰ – 80: шынайылық» атты фотокөрме ашылды Президенттік орталықта Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған «БҰҰ – 80: шынайылық» атты фотокөрме ашылды

ҚР ПІБ Президенттік орталығында Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған «БҰҰ – 80: шынайылық» атты фотокөрменің салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шара ҚР ПІБ Президенттік орталығы мен Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісінің кеңсесі бірлесіп ұйымдастырған және ол дүниежүзілік ұйымның мерейтойына арналған маңызды мәдени оқиғалардың бірі болды.

Фотокөрме ресми хаттамалар мен баспасөз хабарламаларынан тыс Біріккен Ұлттар Ұйымының өмірін ашық және шынайы түрде көрсететін ерекше жоба ретінде ұсынылды. Экспозиция көрермендерді ресмиліктен арылып, БҰҰ-ны оның шынайы болмысында – күрделі, адами, кейде әлсіз, бірақ сонымен бірге рухы мықты ұйым ретінде көруге шақырды.

Көрменің ашылуына мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдардың өкілдері және елордалық жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

ҚР ПІБ Президенттік орталығының директоры Бахытжан Темірболат атап өтті:

«БҰҰ осы жылдар ішінде тек келіссөздер алаңы ғана емес, бүкіл адамзаттың игілігі үшін бейбітшілік пен ынтымақтастыққа қызмет етудің шынайы нышанына айналды. Бүгінгі көрме – Ұйымды ішкі жағынан көруге мүмкіндік. Мұнда күнделікті отырыстар мен миссиялар ерекше көріністер мен эмоцияларға толы адам тағдырларының тарихына айналады. Қазақстан 1992 жылғы 2 наурызда тәуелсіздік алғаннан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі атанып, көпжақты ынтымақтастық, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту қағидаттарын дәйекті түрде іске асырып келеді. Бүгінде еліміз орта державалардың және дамушы мемлекеттердің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі рөлін күшейту идеясын белсенді түрде қолдайды».

Экспозицияда БҰҰ-ның 80 жылдық тарихындағы жұмыс сәттері мен маңызды кезеңдерін бейнелейтін 80 сирек сурет ұсынылды. Бұл суреттер – қойылым емес, өмірдің өзінен алынған көріністер: адамдардың жүздері, эмоциялары, шаршаған сәттері мен қажырлы еңбегі, жаһандық шешімдердің артындағы адамдық қатынастардың айғағы.

Көрмеден келушілер мыналарды тамашалай алды:

• Ұйымның ішкі өмірін көрсететін ерекше ракурстар мен тосын композициялар;

• Дипломатия мен халықаралық саясаттың «көрінбейтін» сәттері – тағдыршешті шешімдер қарсаңындағы толқу мен табысты нәтижеден кейінгі жеңілдік сәттері;

• Бейбітшілік пен гуманизм ісіне өмірін арнаған адамдардың шынайы жүздері мен эмоциялары.

Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча өз сөзінде атап өтті:

«БҰҰ – 80:шынайылық» – жай ғана көрме емес, Ұйымның шын болмысын көруге шақыру. Бұл суреттер бізге БҰҰ – бұл Нью-Йорк пен Женевадағы ғимараттар ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде бейбітшілік пен адамгершілікке қызмет етіп жүрген адамдар қауымдастығы екенін еске салады. Фотография секілді дипломатия да – назар мен сезімнің өнері. Ол әрбір күрделі сәттен жарықты тауып, адам тағдырынан үміт көре білуді үйретеді».

«БҰҰ – 80: шынайылық» көрмесі жарық пен көлеңкенің, сәт пен сезімнің тілі арқылы ұйымның қалыптасуы мен дамуының тарихын баяндайды.

Іс-шараның атмосферасы Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік пен өзара түсіністік миссиясына деген құрмет пен ризашылық сезіміне толы болды.

Қонақтар жұмыстың жоғары көркемдік деңгейін және экспозицияның терең гуманистік мазмұнын атап өтіп, адам еңбегі мен жауапкершілігінің әлемдік үйлесім мен тұрақтылықты сақтаудағы рөліне ой жүгіртті.

Көрме 2025 жылғы 12 желтоқсанға дейін ашық болады. Экспозиция онжылдықтарға бөлінген бөлімдерден тұрады, олардың әрқайсысы БҰҰ-ның белгілі бір тарихи кезеңіндегі маңызды жетістіктерін көрсетеді.
Бөлек бөлім Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының ынтымақтастығына арналған, ал «БҰҰ және Мен» атты арнайы секцияда БҰҰ командасының еліміздегі қызметі адамдардың өміріне және орнықты дамуға қалай әсер ететіні бейнеленген.