Басты бетПрезиденттік орталықта «Оралда атылған Алаштың ардақты ұлы – Хасан Нұрмұхамедов» атты монографиян...

Президенттік орталықта «Оралда атылған Алаштың ардақты ұлы – Хасан Нұрмұхамедов» атты монографияның тұсаукесері өтті

Президенттік орталықта «Оралда атылған Алаштың ардақты ұлы – Хасан Нұрмұхамедов» атты монографияның тұсаукесері өтті Президенттік орталықта «Оралда атылған Алаштың ардақты ұлы – Хасан Нұрмұхамедов» атты монографияның тұсаукесері өтті Президенттік орталықта «Оралда атылған Алаштың ардақты ұлы – Хасан Нұрмұхамедов» атты монографияның тұсаукесері өтті Президенттік орталықта «Оралда атылған Алаштың ардақты ұлы – Хасан Нұрмұхамедов» атты монографияның тұсаукесері өтті Президенттік орталықта «Оралда атылған Алаштың ардақты ұлы – Хасан Нұрмұхамедов» атты монографияның тұсаукесері өтті Президенттік орталықта «Оралда атылған Алаштың ардақты ұлы – Хасан Нұрмұхамедов» атты монографияның тұсаукесері өтті

ҚР Президенті Іс басқармасы Президенттік орталығында көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының аз зерттелген тұлғаларының бірі Хасан Нұрмұхамедовқа арналған «Оралда атылған Алаштың ардақты ұлы – Хасан Нұрмұхамедов» атты монографияның тұсаукесері өтті.

Іс-шараны ҚР ПІБ Президенттік орталығы және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты ұйымдастырды.

Шараның мақсаты – ұлт тәуелсіздігі жолында күрескен Алаш қозғалысы өкілдерінің бірі Хасан Нұрмұхамедовтың өмірі мен қайраткерлік қызметін ғылыми орта мен көпшілікке кеңінен таныстыру, саяси қуғын-сүргін құрбандарын тарихи әділет тұрғысынан насихаттау және қазіргі ғылыми зерттеулердің нәтижесін қоғаммен бөлісу болды.

Алғы сөзді Мемлекет тарихы институтының директоры, PhD докторы Нұрбек Серікұлы Пұсырманов айтып, монографияның тарихи және ғылыми маңызына тоқталды.

Іс-шараны тарих ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Озғанбайұлы Озғанбаев жүргізді. Тұсаукесер барысында тарих және әдебиет саласының белгілі ғалымдары мен зерттеушілері сөз сөйледі. Атап айтқанда, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму тарихы бөлімінің басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ерлан Ислямұлы Медеубаев, филология ғылымдарының докторы, Назарбаев университетінің профессоры Айгүл Ісмақова, сондай-ақ Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Астана филиалының директоры Құралай Сәрсенбина өз ойларымен бөлісті.

Сонымен қатар, ҚР ПІБ Президенттік орталығы директорының орынбасары Ботагөз Мұттахиденқызы Қайыпова сөз сөйлеп, іс-шараның ғылыми және рухани мәнін атап өтті.

Монография авторы – тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Жаһанша Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қорының президенті, Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері Дәметкен Досмұханқызы Сүлейменова еңбектің жазылу барысы мен зерттеу нәтижелері туралы баяндама жасап, қорытынды сөз сөйледі.

Шара барысында монографияның слайдтық таныстырылымы көрсетіліп, қатысушылар арасында сұрақ-жауап және пікір алмасу өтті.

Монографияның ресми тұсаукесер рәсімін профессор Өмірзақ Озғанбай, филология ғылымдарының докторлары Айгүл Ісмақова, Тұрсын Жұртбай, сондай-ақ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры, ғылым кандидаты Сәуле Бөкейханқызы Бөрібаева өткізіп, жаңа ғылыми еңбектің жарық көруімен авторды құттықтады.

Іс-шараға ғалымдар, докторанттар мен магистранттар, тарихшы мұғалімдер, Ұлттық музей, Ұлттық архив және Ұлттық академиялық кітапхана қызметкерлері, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты.

Президенттік орталық алаңында өткен мазмұнды басқосу ел тарихының ақтаңдақ беттерін зерттеу мен насихаттаудағы маңызды ғылыми және қоғамдық қадам ретінде бағаланды.