28 қазан күні Амангелді Құсаинов атындағы Еуразиялық гуманитарлық институт студенттері үшін «Әділ қоғам: саяси қағидаттар мен құндылықтар жүйесі» атты көшпелі семинар-тренинг өткізілді. Іс-шараның жалғасы ретінде 29-30 қазан күндері Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті және Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенттері үшін вебинарлар ұйымдастырылды. Барлық іс-шаралар ҚР ПІБ Президенттік орталығының ұйымдастыруымен өтті. Семинарға қатысушылар дәрістер мен тренингтер барысында әділ қоғам идеясының негізінде жатқан теңдік, гуманизм, мемлекеттің дамуындағы азаматтардың жауапкершілігі және моральдық құндылықтардың рөлі сияқты негізгі ұғымдарды талқылады. Әсіресе, әділеттілік төңірегіндегі тарихи дәстүрлер мен заманауи көзқарастардың өзара байланысына ерекше назар аударылды. ЕАГИ студенттерінің айтуынша, семинарға қатысу құнды тәжірибе болды: олар қоғамдағы әділдіктің рөлі туралы терең түсініктерге ие болды, тұлғаның қоғамдық процестердегі рөлін жаңаша бағалауды үйренді, бірлесіп жұмыс істеу және өз пікірін дәлелді түрде жеткізу дағдыларын дамытты. Марғұлан университетінің студенттері тренингтердің практикалық маңыздылығын атап өтті: олар командалық тапсырмаларды орындады, өз жобаларын әзірлеп, қорғады, бұл тақырыпты тереңірек түсінуге және азаматтық белсенділікті арттыруға ықпал етті. Семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар сертификаттар табысталды, олар өз кезегінде білімдерін кеңейтуге және әділ әрі жауапты қоғам құруда жеке рөлді түсінуді нығайтуға мүмкіндік бергені үшін ұйымдастырушыларға, тренерлер мен дәріскерлерге алғыстарын білдірді.