22 қазанда Президенттік орталығының қызметкерлері Астана халықаралық университетінің студенттері үшін «Әділетті қоғам: саяси қағидаттар мен құндылықтар жүйесі» атты көшпелі семинар-тренинг өткізді.
Astana International University әлеуметтік-тәрбиелік жұмыс департаментінің директоры Айгерім Тлешева бұл білім беру іс-шарасы ұйымдастырушылық және мазмұндық тұрғыдан жоғары деңгейде өткізілгендігін атап көрсетті.
«Семинар-тренинг барысында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, ұлттық құндылықтар және азаматтық белсенділік мәселелері жан-жақты талқыланды. Саяси мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы нақты мысалдар мен практикалық тапсырмалар арқылы айқын көрсетілді. Мұндай іс-шаралар адамның ішкі жан дүниесін, сонымен қатар азаматтық мәдениетті дамытуда ерекше рөл атқарады деп есептеймін. Оқыту процесі интерактивті форматта өтті, қатысушылардың белсенділігі жоғары болды. Дәріскерге және семинар-тренингтің тәжірибелік бөлімін жүргізген тренерлерге алғысымды білдіремін», – деді А. Тлешева.
Сонымен қатар, 15-16 қазан күндері Алматы және Шымкент қалаларының жоғары сынып оқушылары үшін осындай семинар онлайн форматта ұйымдастырылды.
Афина Кириякиди – Ә. Бөкейханов атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектептің оқушысы өз әсерімен бөлісті:
«Бұған дейін әділеттілік деген жай ғана абстрактілі ұғым емес, тұтастай бір жүйе екендігі туралы ойланаған болатынмын. Мен саяси қағидаттардың, мысалы, заң үстемдігі немесе билік тармақтарының бөлінісінің қоғамның өзін қаншалықты қауіпсіз әрі әділетті сезінуіне тікелей әсер ететінін түсіндім. Әсіресе, әр адамның жеке құндылықтары (адалдық, құрмет, жауапкершілік) бүкіл мемлекеттің ортақ құндылықтарын қалыптастыратынын білу қызықты болды. Семинар-тренинг үшін үлкен рахмет. Мен үшін қызықты әрі танымдық іс-шара болды».