Басты бетПрезиденттік орталыққа қытай делегациясы келді

Президенттік орталыққа қытай делегациясы келді

Президенттік орталыққа қытай делегациясы келді Президенттік орталыққа қытай делегациясы келді Президенттік орталыққа қытай делегациясы келді Президенттік орталыққа қытай делегациясы келді Президенттік орталыққа қытай делегациясы келді

2025 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат Қытай Халық Республикасынан келген делегациямен кездесті. Делегация құрамына Тяньцзинь қаласының Мәдени мұра басқармасының директоры Сюй Хэнцю мырза жетекшілік етті. Сондай-ақ делегация құрамында Қытайдың ең көне музейлерінің бірі – Тяньцзинь музейінің өкілдері болды.

Кездесу барысында Бақытжан Темірболат екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық тұрғысынан қытайлық әріптестердің бұл сапарының маңыздылығын атап өтіп, Президенттік орталықта жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндады және ынтымақтастықтың болашағына қатысты өз көзқарасымен бөлісті.

Өз кезегінде Сюй Хэнцю мырза кездесуге мүмкіндік бергені үшін Бақытжан Темірболатқа алғысын білдіріп, алдағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қолдау білдіретінін айтты.

Кездесу соңында қытайлық делегация Президенттік орталық музейінің экспозицияларымен танысып, оның мазмұндық деңгейі мен заманауи технологиялық жабдықталуына жоғары баға берді.

 

Анықтама үшін: Тяньцзинь музейі – Қытайдағы ең көне музейлерінің бірі. Оның қорларында Қытайдың ежелгі дәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейінгі тарихына қатысты 200 мыңнан астам экспонат, тарихи кітаптар мен мұрағаттық құжаттар сақталған.