Басты бетСағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде Республика күніне арналған жылжымалы көрме ашылды

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде Республика күніне арналған жылжымалы көрме ашылды

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде Республика күніне арналған жылжымалы көрме ашылды Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде Республика күніне арналған жылжымалы көрме ашылды Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде Республика күніне арналған жылжымалы көрме ашылды Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде Республика күніне арналған жылжымалы көрме ашылды Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде Республика күніне арналған жылжымалы көрме ашылды Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде Республика күніне арналған жылжымалы көрме ашылды Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде Республика күніне арналған жылжымалы көрме ашылды Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде Республика күніне арналған жылжымалы көрме ашылды Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде Республика күніне арналған жылжымалы көрме ашылды Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде Республика күніне арналған жылжымалы көрме ашылды Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде Республика күніне арналған жылжымалы көрме ашылды Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде Республика күніне арналған жылжымалы көрме ашылды Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде Республика күніне арналған жылжымалы көрме ашылды Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде Республика күніне арналған жылжымалы көрме ашылды

2025 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында «Шолу және тақырыптық экскурсиялар марафоны» атты қоғамдық-мәдени акция басталды. Бұл бастама Республика күніне толуына орай ұйымдастырылып отыр. Акция 25 қазанға дейін жалғасады.

Марафонның басты мақсаты – қалың жұртшылыққа қазақ халқының тәуелсіздікке жету жолын, оның тарихи мұрасы мен жетістіктерін кеңінен таныстыру, сондай-ақ жастардың бойында отансүйгіштік сезім мен ұлттық құндылықтарға құрметті қалыптастыру болып табылады.

«1990 жылғы 25 қазанда тәуелсіздігімізге жол ашқан тарихи құжат – Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл құжатта алғаш рет еліміздің аумақтық тұтастығы мен оның қол сұғылмаушылығы, қазақ халқы мен Қазақстандағы өзге этностардың ана мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта жаңғырту және дамыту қағидаттары бекітілді. Осы декларацияның арқасында Қазақстан ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерді бастан өткеріп, әлемдік аренада беделді мемлекет ретінде танылды. Осы тарихи қадамның маңыздылығын ескере отырып, 2022 жылы Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайта берілді», – деді Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат.

Экскурсиялар марафоны аясында мазмұнды бағдарламалар жүзеге асырылады. ҚР Президенттік орталықтың музейінде, сонымен қатар көшпелі форматта өткізілетін шолу және тақырыптық экскурсиялар сериясын қамтиды. Бұл формат көпшілікке ел тарихы мен мәдени мұрасын тереңірек танып-білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ әртүрлі аудиториялардың тарихи-мәдени білімін кеңейтуді көздейді.

Марафон аясындағы маңызды іс-шаралардың бірі – Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжде өткен «Қазақстан Республикасы: егемендік, тәуелсіздік, конституционализм нышандары» атты жылжымалы көрменің ашылуы болды.

Көрмеде Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы музей қорының бірегей экспонаттары мен елдің мемлекеттілігінің және конституционализмнің қалыптасу кезеңдерін бейнелейтін архивтік құжаттар ұсынылды. Кадеттер Қазақстанның егемендікке дейінгі жолын айқындайтын сирек материалдармен, фотосуреттермен және артефактілермен танысты.

Сонымен қатар акция аясында колледждің тыңдаушылары мен оқытушылары үшін тақырыптық экскурсиялар мен дәрістік-танымдық сабақтар өткізілді:

  • «Қару-жарақ әлемі. Кольттан Калашниковқа дейін»;
  • «Жеңіске жеткізгендер»;
  • «Байқоңыр – ғарыш темірқазығы»;
  • «Хранители времени. Фототехниканың даму тарихы»;
  • «Өнегелі өмір».

Республика күніне арналған экскурсиялар марафоны – азаматтарды ұлттық бірлік идеясы төңірегінде топтастыруды, ел тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылықты арттыруды, сондай-ақ рухани және тарихи құндылықтардың сабақтастығын сақтау мен насихаттауды мақсат етеді.