Басты бетҚР Президенттік орталығының қызметкерлері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде...

ҚР Президенттік орталығының қызметкерлері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дөңгелек үстел өткізді

ҚР  Президенттік орталығының қызметкерлері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде  дөңгелек үстел өткізді ҚР  Президенттік орталығының қызметкерлері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде  дөңгелек үстел өткізді ҚР  Президенттік орталығының қызметкерлері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде  дөңгелек үстел өткізді

ҚР ПІБ Президенттік орталығы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп «Жаһандану дәуіріндегі Еуразиялық кеңістік: тарихи тағылым және жаңаша пайымдаулар» атты дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жаһандану жағдайында Еуразиялық интеграцияның тарихи тәжірибесін талқылап, жаңа ғылыми көзқарастар мен бағамдарды ұсыну болды. Дөңгелек үстелге жетекші тарихшылар, сарапшылар, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен жас зерттеушілер қатысты.

Кіріспе сөзді  ҚР Президенттік орталығының Архив жұмысы қызметінің басшысы Хамит Момынқұл ашып, Еуразиялық интеграция идеясының қалыптасуы мен оның тарихи маңызы туралы баяндама жасады.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Г.Т. Мусабалина өз сөзінде Еуразиялық кеңістіктегі тарихи өзара ықпалдастықтың өркениеттік негіздеріне тоқталып, «интеграция тек экономикалық емес, мәдени және гуманитарлық өзара түсіністік құндылықтарына сүйенуі қажет» екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол Еуразия халықтарының тарихи жады мен рухани бірегейлігін сақтау мәселесін көтерді.

Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.О. Сейтказина жаһандану дәуіріндегі ақпараттық кеңістіктің рөліне тоқталып, оның аймақтық қауіпсіздік пен экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызын талдады.

Сонымен қатар, іс-шара барысында қатысушылар интеграциялық үрдістердің тарихын, қазіргі өзекті мәселелерін және олардың болашағын талқылады. Пікір алмасу форматында өткен дөңгелек үстел ғылыми әрі практикалық тұрғыдан да тиімді болды.

Шара қорытындысында қатысушылар Еуразиялық кеңістіктегі ынтымақтастықты дамыту, тарихи зерттеулерді жаңа әдіснамалық бағыттарда жүргізу және ғылыми байланыстарды нығайту қажеттігін атап өтті.