Басты бетКлимат, технология және жауапкершілік: жастар тұрақты болашақты таңдайды

Климат, технология және жауапкершілік: жастар тұрақты болашақты таңдайды

Климат, технология және жауапкершілік: жастар тұрақты болашақты таңдайды Климат, технология және жауапкершілік: жастар тұрақты болашақты таңдайды Климат, технология және жауапкершілік: жастар тұрақты болашақты таңдайды

Президенттік орталықтың музейінде Жоғары көлік және коммуникация колледжінің «Техник-электромеханик» мамандығының 1 курс студенттеріне арналған тақырыптық экскурсия өтті. «Қазақстанның климаттық күн тәртібі» атты бұл шара жай ғана танымдық экскурсия емес, бүгінде бүкіл әлем талқылап отырған жаһандық сын-қатерлерге – климаттың өзгеруі мен тұрақты дамудың өзекті мәселелеріне арналған мазмұнды үн қосу болды.

Тақырыптық экскурсия барысында ерекше назар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясында көтерген бастамаларына аударылды. Өз сөзінде Президент климаттың өзгеруімен күрес – бұл таңдау емес, болашақ ұрпақ алдындағы адамзаттың моральдық әрі тарихи міндеті екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Жер шарын болашақ ұрпақ үшін сақтау ісіне өз үлесін қосуға дайын екенін жеткізді. Бұл сөздер Жер шарының болашағы үшін әр адамның жеке жауапкершілігін еске салып, студенттерге экология мәселелеріне саналы және жауапты көзқараспен қарауға шабыт берді.

Олар климаттың өзгеруі, энергияны тиімді пайдалану және елімізде қарқынды дамып келе жатқан «жасыл» технологиялар жөніндегі маңызды тақырыптарды талқылады. Мұндай бастамалар экологиялық жауапкершілігі жоғары, инновацияны игеріп қана қоймай, оны табиғатқа зиянсыз етуге ұмтылатын жаңа буын мамандарын қалыптастыруға жол ашады.