2025 жылдың 1-9 қазан аралығында Қазақстанның түрлі өңірлерінен қатысқан жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған «Әділетті қоғам: саяси қағидаттар мен құндылықтар жүйесі» атты семинар-тренингтер онлайн форматта өткізілді.
1-2 қазан күндері семинарға Маңғыстау мен Шығыс Қазақстан облыстарындағы мектептердің жоғары сынып оқушылары қатысса, 8-9 қазан аралығында өткен оқу бағдарламасында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мен академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері білім көкжиектерін кеңейтті.
Семинар барысында қатысушылар қазіргі заманғы саяси қағидаттарды, қоғамдық құндылықтар жүйесін және әділетті мемлекет құрудағы азаматтық жауапкершіліктің маңызын терең ұқты. Спикерлер әділетті қоғам қалыптастыру әрбір азаматтың белсенді қатысуына, өзіндік жауапкершілік пен этикалық нормаларға адалдығына тікелей байланысты екенін атап өтті.
Қатысушылардың пікірінше, семинар жаңа білімнің қайнар көзі ретінде қоғамдық өмірге белсене араласуға шабыттандырған. Жастар осы білім арқылы рухани-адамгершілік құндылықтардың маңыздылығын және қазіргі қоғамдағы азаматтық ұстанымның қажеттілігін терең түсінгендерін атап өтті. Сондай-ақ олар жастардың ой-өрісін кеңейтіп, азамат болып қалыптасуына және патриоттық рухтың артуына септігін тигізетін осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылса деген ниеттерін білдірді.