Басты бетАстанада Республика күні арналған көрме ашылды

Астанада Республика күні арналған көрме ашылды

Астанада Республика күні арналған көрме ашылды Астанада Республика күні арналған көрме ашылды Астанада Республика күні арналған көрме ашылды Астанада Республика күні арналған көрме ашылды Астанада Республика күні арналған көрме ашылды Астанада Республика күні арналған көрме ашылды Астанада Республика күні арналған көрме ашылды Астанада Республика күні арналған көрме ашылды Астанада Республика күні арналған көрме ашылды Астанада Республика күні арналған көрме ашылды Астанада Республика күні арналған көрме ашылды Астанада Республика күні арналған көрме ашылды

Қазақстан Республикасының ПІБ Президенттік орталығында Республика күні арналған «Егемендік жолы» атты тақырыптық көрменің ашылу салтанаты өтті. Іс-шара Нұрсұлтан Назарбаев Қорының бірлесуімен ұйымдастырылды.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, елордалық жұртшылықтың, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттерінің қатарынан шамамен 200 адам қатысты.

«1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Республика егемендігін жариялаған тарихи шешім қабылдады. Дәл осы күннен бастап ұлттық мүдде, заңдар мен құндылықтарға басымдық берілген, демократия мен халықаралық беделіміздің іргетасы қаланған жаңа дәуір басталды. Бүгін ашылып отырған көрме – тәуелсіздікке бастар осы маңызды қадамды еске салумен қатар, халқымыздың еркіндікке, өркендеуге және өзін-өзі айқындауға деген ұмтылысын бейнелеуге арналған», – деді өз сөзінде Президенттік орталық директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы өз сөзінде: Бұл көрме – егемен ел болуға деген ұмтылыстың, ұлт рухының және тарихи жадымыздың айғағы.1990 жылы қабылданған Егемендік туралы Декларация – Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуындағы шешуші кезең болды. Ол елдің тұтастығын, егемендігін және заң үстемдігін айқындап, ұлттық құндылықтарға негізделген жаңа даму бағытын белгіледі.Бүгінгі көрме осы тарихи оқиғаның мәнін жаңаша қырынан көрсетіп, сол дәуірдің рухын, елдік пен бірлікке деген халықтың ұмтылысын бейнелейді. Мұнда ұсынылған мұрағаттық материалдар мен жәдігерлер арқылы келушілер тәуелсіздіктің алғашқы қадамдарын сезініп, оның құндылығын терең ұғына алады.Бұл көрме – өткен тарихқа тағзым етіп қана қоймай, болашаққа деген сенім мен отансүйгіштік сезімін қалыптастырудың маңызды алаңы, – деп атап өтті.

2022 жылғы маусымда өткен Ұлттық құрылтай отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев Республика күнін қайта атап өтуді, оған ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Себебі бұл шешім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының маңызын, оның ел тәуелсіздігіне бастайтын алғашқы маңызды қадам және Қазақстанның жаңа тарихының бастау нүктесі ретінде айрықша мәнге ие екенін айқындайды.

«Егемендік жылдары ел тағдыры сын сағатта тұрған сәттер аз болған жоқ. Бірақ халқымыздың бірлігі мен ерік-жігері арқасында қиындықтың бәрін еңсердік. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ – ол батырлықтың, табандылықтың және халықтың сенімінің жемісі. Бүгінгі ұрпақ сол ерлікті ұмытпай, елдің болашағы үшін аянбай еңбек етуі керек. Өткенге тағзым ете отырып, болашаққа сеніммен қарау – біздің басты міндетіміз», – деп өз ойымен бөлісті Қазақстан Республикасының белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, генерал-лейтенанті Абай Тасболатов.

Декларация республиканың алғашқы іргелі мемлекеттік актісі болды. Онда елдің бөлінбейтіндігі мен тұтастығы бекітіліп, мемлекет халықаралық құқықтың дербес субъектісі ретінде айқындалды. Бұл құжат республика заңдарының одақтық заңдардан үстемдігін және КСРО құрамында нақты дербестікке ұмтылысын жария етті.

Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі журналист, мемлекет және қоғам қайраткері Сауытбек Әбдрахманов өз сөзінде Егемендік туралы Декларацияның тарихи маңызын ерекше атап өтті. Бұл құжат – халқымыздың өз тағдырын өзі шешуге ұмтылған жігерінің көрінісі. 1990 жылғы Декларацияның қабылдануы – тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалаған аса жауапты кезең еді. Ол кезеңде еліміздің саяси тағдыры таразы басында тұрды. Соған қарамастан, халықтың және депутаттардың басым көпшілігі егемендік идеясын қолдап, батыл шешім қабылдады. Бұл – ұлттың ерік-жігері мен бірлігінің айғағы.Егемендік декларациясы – тәуелсіздіктің құқықтық, саяси және моральдық іргетасы болды. Ол халықтың бойындағы сенімді оятып, ертеңге деген үмітін нығайтты. Сол сәттен бастап біз өз мемлекетіміздің болашағын өз қолымызбен қалыптастыруға кірістік. Бұл – ұлт рухының жаңғыру нүктесі, – деді Сауытбек Әбдрахманов.

Көрме қазақ халқы мен өзге этностардың төл мәдениеті мен дәстүрлерінің жаңғыруына, ұлттық бірегейлікті нығайтуға және тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы Декларацияның рөліне арналған мәдени және ұлттық аспектілерді қамтитын бөлімдерден тұрады. Экспозицияда барлығы 235 архивтік, кітапхана және музей экспонаты ұсынылған.

Айта кету керек, көрме 2025 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады.