Басты бетЕлордадағы мектепте теңге тарихы туралы көшпелі музей сабағы өтті

Елордадағы мектепте теңге тарихы туралы көшпелі музей сабағы өтті

Елордадағы мектепте теңге тарихы туралы көшпелі музей сабағы өтті Елордадағы мектепте теңге тарихы туралы көшпелі музей сабағы өтті Елордадағы мектепте теңге тарихы туралы көшпелі музей сабағы өтті Елордадағы мектепте теңге тарихы туралы көшпелі музей сабағы өтті

7 қазанда Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері Астана қаласындағы №104 орта мектеп оқушыларына арналған «Қазақстанның ұлттық валютасы» көшпелі музей сабағын өткізді.

Бұл іс-шара еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттігінің ең маңызды рәміздерінің бірі саналатын ұлттық валютаның тарихы мен дамуын таныстыру арқылы оқушыларды патриоттық тәрбиеге баулып, Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Сабақ барысында оқушылар теңгенің қалай пайда болғанын, «теңге» сөзінің мағынасын, қазіргі банкноттар мен монеталарда бейнеленген суреттер мен қорғаныш элементтері туралы мәлімет алды.

Теңгенің ұлттық бірегейлік пен мәдени мұраны бейнелейтін символдық маңыздылығы ерекше атап өтілді. Оқушылар тарихи деректермен танысып, шынайы және естелік ақша белгілерін қарап, танымдық тапсырмалар мен викториналарға белсене қатысты.