


Астанадағы Жұмабек Тәшенов атындағы №10 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы Президенттік орталықтың қызметкерлері көшпелі музей сабағын өткізді.
«Қазақтың зергерлік өнері» тақырыбына арналған сабақ барысында жасөспірімдер қазақтың зергерлік өнерінің тарихымен танысып, ұлттық әшекей бұйымдардың ерекшеліктері туралы білді. Сондай-ақ оқушылар қазақтың әшекей бұйымдарында қолданылатын ою-өрнектер мен зергерлік өнердің қыр-сырына терең бойлады.Тамырын тереңнен алатын дәстүр мен мәдениеттің көрікті саласына арналған сабақта оқушылар назарына ұлттық зергерлік бұйымдардың түрлері ұсынылып, олардың мағынасы мен қолданылуы туралы мол мәлімет берілді.
Сабақ соңында жасөспірімдер ұлттық әшекей бұйымдарды ұстап көріп, зергерлік өнерге қызығушылық танытты.