Басты бетАстана қаласындағы Жапония мәдениеті күні

Астана қаласындағы Жапония мәдениеті күні

Астана қаласындағы Жапония мәдениеті күні

2025 жылғы 4 қазанда ҚР Президенттік орталығында жыл сайынғы «Жапония мәдениеті күні» іс-шарасы өтеді (13:00–15:30). Іс-шараның мақсаты – Қазақстан мен Жапония арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту, байланыстарды дамыту және өзара түсіністікті тереңдету. Мереке кең аудиторияға арналған және жапон мәдениетінің бай әрі бірегей мұрасымен танысудың ерекше мүмкіндігі болмақ. Қонақтарды мазмұнды бағдарлама күтуде: - оригами, икебана және фурошики өнері бойынша шеберлік сағаттары; - жапон шай рәсімінің құпияларымен танысу; - естелік ретінде өзіңізде қалатын күріш қағазына жазылған каллиграфия; - логика мен стратегиялық ойындарды ұнататындарға арналған «го» үстел ойыны; - дәстүрлі жазғы кимоно – юкатаны киіп көру мүмкіндігі; - жапон тілі сабағы; - балаларға арналған дәстүрлі жапон ойындары бұрышы. Мерекенің ерекше сәті – халықаралық сыйлықтардың лауреаты, Бельгиядан арнайы шақырылған скрипкашы Хосода Чикако ханымның концерті болмақ. Іс-шараға Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ясумаса Ииджима мырза қатысады. Ұйымдастырушылар: Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі, Қазақстанжапон адам ресурстарын дамыту орталығы, Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы. Қолдау көрсеткендер: Қазақстандағы жапондар қауымдастығы, Қазақстандағы жапон кәсіпкерлері қауымдастығы, Жапон қоры, Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA). Кіру тегін.