Басты бетСеминар: «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі»

Семинар: «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі»

Семинар: «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» Семинар: «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» Семинар: «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» Семинар: «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» Семинар: «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі»

25 қыркүйекте ҚР ПІБ Президенттік орталығы Астана қаласы әкімдігінің Фариза Оңғарсынова атындағы №77мектеп-гимназиясында «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты семинар өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ana tili» газетіне берген сұхбатында (3 қаңтар 2025 жыл) «Қоғамда қазақ тілінің рөлі одан әрі арта түсуі үшін не істеу керек деп ойлайсыз?» - деген сұраққа: «Дүние жүзінде 7 мыңнан астам тіл бар. Соның ішінде үш мыңнан астам тілге жойылып кету қаупі төніп тұр. Қазақ тілі бұл топқа кірмейді. Ана тіліміз 2024 жылы әлемде ең кең таралған тілдердің арасында 79-шы орынға тұрақтады. Цифрлық технологияларды қолдануға баса мән берген жөн. Өйткені қазақ тілінің алдағы тағдыры, еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеті көбіне осыған байланысты болады. Ана тіліміздің болашағы жарқын екеніне менің еш күмәнім жоқ. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде халқымызды ұйыстыру жолында маңызды рөл атқара береді. Бірақ тіліміздің тұғырын нығайтамыз деп, оны басқа тілдерге, соның ішінде орыс тіліне қарсы қоймау керек» - деген болатын. 

Семинарда сөйлеу мәдениетінің рөлі, Мемлекеттік тілдің қазіргі жағдайы, жасанды интеллект дәуіріндегі тілдің маңызы мен даму мүмкіндіктері жайлы баяндама жасады. Оқушыларға «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қазақ тілін қолдану аясын кеңейтуге және дамытуға арналған инновациялық ІТ жобалары, цифрлық оқулықтар мен тіл үйрету қосымшалары таныстырылды.

Семинар барысында жаһандану үдерісінде тілдердің бір-біріне ықпалы әсерінен нормадан ауытқыған сөздер таныстырылып, оқушылардың алған білімдерін нығайту үшін сұрақтар қойылды.