Басты бетАстанада елордадағы жалғыз Социалистік Еңбек Ері, ардагер Валентин Щербаковқа құрмет көрсетілді

Астанада елордадағы жалғыз Социалистік Еңбек Ері, ардагер Валентин Щербаковқа құрмет көрсетілді

Астанада елордадағы жалғыз Социалистік Еңбек Ері, ардагер Валентин Щербаковқа құрмет көрсетілді Астанада елордадағы жалғыз Социалистік Еңбек Ері, ардагер Валентин Щербаковқа құрмет көрсетілді Астанада елордадағы жалғыз Социалистік Еңбек Ері, ардагер Валентин Щербаковқа құрмет көрсетілді Астанада елордадағы жалғыз Социалистік Еңбек Ері, ардагер Валентин Щербаковқа құрмет көрсетілді Астанада елордадағы жалғыз Социалистік Еңбек Ері, ардагер Валентин Щербаковқа құрмет көрсетілді Астанада елордадағы жалғыз Социалистік Еңбек Ері, ардагер Валентин Щербаковқа құрмет көрсетілді Астанада елордадағы жалғыз Социалистік Еңбек Ері, ардагер Валентин Щербаковқа құрмет көрсетілді

Еңбек күні мен Машина жасаушылар күніне орай, сондай-ақ Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚР ПІБ Президенттік орталығының басшылығы Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрлігі, «Қазақстан автокөлік одағы» ЗТБ және «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ өкілдерімен бірге салтанатты жағдайда елорданың жалғыз Социалистік Еңбек Ері Валентин Петрович Щербаковты құттықтап, оған ҚР Индустрия және құрылыс министрі Нагаспаев Е.К., «Қазақстан автокөлік одағы» ЗТБ президенті Макашева А.Ж. және «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Пшембаев М.К. атынан алғыс хаттар табыс етті. Сонымен қатар, ардагерге естелік сыйлықтар ретінде ол кезінде еңбек ерліктерін жасаған жүк көлігінің шағын үлгісі, қазіргі заманғы плазмалық теледидар және жаңа үлгідегі кір жуғыш машина тарту етілді.

Валентин Петрович Щербаков — бүкіл ғұмырын адал еңбек пен Отанға қалтқысыз қызмет етуге арнаған жан. Тың игеру кезеңінде Қазақ КСР-інің Целиноград жүк автокөлік басқармасы жүйесінде жүргізуші-механик болып жұмыс істей жүріп, ол алғашқылардың бірі болып автопойыздармен (массасы 80 тоннаға дейін) жүк тасымалдауды ұйымдастырудың озық әдістерін енгізді. Бұл жаңашылдық жүк тасымалдау көлемін едәуір арттырып, тауарларды жеткізу мерзімін қысқартуға мүмкіндік берді. Абсолютті еңбек рекордын орнатып, Валентин Петрович өзінің жеке бесжылдық жоспарын үш жарым жылда орындап шықты. Ерен еңбегі мен айрықша жетістіктері үшін оған 1976 жылы Социалистік Еңбек Ері жоғары атағы берілді. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де ол 79 жасқа дейін жүк тасымалдау саласында еңбек етуді жалғастырды.

Айта кету керек, ардагерлерге қамқорлық көрсету және еңбек ерлерін қолдау, жұмысшы мамандықтарды дәріптеу мақсатындағы бастамалар аясында ҚР ПІБ Президенттік орталығы Астанада тұратын жалғыз Соцеңбек Еріне, еңбек ардагері В.П. Щербаковқа тұрақты түрде шефтік көмек көрсетіп келеді. Мұндай тұлғаларға көрсетілген құрмет – олардың ел дамуына қосқан үлестерін әділ мойындау ғана емес, сонымен бірге жастарға еңбек дәстүрлерін нығайтуға, жұмысшы мамандықтарына құрметпен қарауға және патриоттық құндылықтарды дамытуға ықпал ететін маңызды үлгі.