Басты бетӘділетті қоғам: оқушылар мен студенттер семинар-тренингтен алған әсерлерімен бөлісті

Әділетті қоғам: оқушылар мен студенттер семинар-тренингтен алған әсерлерімен бөлісті

Әділетті қоғам: оқушылар мен студенттер семинар-тренингтен алған әсерлерімен бөлісті Әділетті қоғам: оқушылар мен студенттер семинар-тренингтен алған әсерлерімен бөлісті Әділетті қоғам: оқушылар мен студенттер семинар-тренингтен алған әсерлерімен бөлісті Әділетті қоғам: оқушылар мен студенттер семинар-тренингтен алған әсерлерімен бөлісті Әділетті қоғам: оқушылар мен студенттер семинар-тренингтен алған әсерлерімен бөлісті Әділетті қоғам: оқушылар мен студенттер семинар-тренингтен алған әсерлерімен бөлісті Әділетті қоғам: оқушылар мен студенттер семинар-тренингтен алған әсерлерімен бөлісті Әділетті қоғам: оқушылар мен студенттер семинар-тренингтен алған әсерлерімен бөлісті

Қыркүйек айының 17-18 және 24-25 күндері Президенттік орталықтың ұйымдастыруымен онлайн форматта ерекше мазмұнды әрі тағылымды семинар-тренингтер өтті. «Әділетті қоғам: саяси қағидаттар мен құндылықтар жүйесі» деп аталған бұл іс-шараға Қызылорда, Ақтөбе, Жетісу облыстарының жоғары сынып оқушылары мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері қатысты.

Аталған оқу бағдарламасы жастарға тек білім ғана беріп қоймай, терең ой тастап, әділетті қоғам құру жолындағы азаматтық ұстанымдарын нығайтуға серпін берді. Қатысушылардың жылы лебіздері мен жүрекжарды пікірлері – соның айқын дәлелі.

Ақмарал Бекейқызы, Текелі қаласындағы №5 мектептің 10 сынып оқушысы:

«Бұл семинар-тренинг менің жүрегімде ерекше әсер қалдырды. Әділет ұғымының қоғамдағы орны, саяси қағидалардың маңызы мен адамгершілік құндылықтардың қалыптасуы жайлы тың әрі құнды мәліметтер алдым. Әрбір ақпарат ой салып, демократиялық құндылықтарға деген құрметті оятты. Интерактивті формат пікір алмасуға жол ашып, өз ойымды еркін білдіруге мүмкіндік берді».

Ирина Семченкова, Қарғалы ауданы, Петропавл орта мектебінің 11 сынып оқушысы:

«Біз бағдарлама аясында тек теориялық негіздермен танысып қана қоймай, сонымен қатар белсенді түрде пікірталасқа қатысып, ойымызбен де, тәжірибемізбен де бөлісе алдық. Семинардағы еркін әрі достық атмосфера әрбір қатысушыға өзін маңызды бір үдерістің ажырамас бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік берді. Қызықты мысалдар, практикалық тапсырмалар мен көрнекі материалдар оқу бағдарламасын қызықты да тартымды етті. Ең бастысы бұл бағдарлама әрбір адамның ел дамуы мен әділетті қоғам қалыптастырудағы рөлін ерекше атап көрсетті».

Шахзода Айбек, М. Әуезов атындағы ОҚУ студенті:

«Семинар маған ерекше ұнады. Әсіресе, әділеттілік қағидасын еліміздің қазіргі тарихымен байланыстыра отырып талдағанымыз өте құнды болды. Ең әсерлісі интерактивті бөлім: ой бөлісіп, өмірлік тепе-теңдік шеңбері жаттығуын жасап, өзімізге тереңірек талдау жүргізуге мүмкіндік алдық. Мұндай формат әрі қызықты, әрі пайдалы болды».

Элеонора Кадерова, А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ студенті:

 

«Мен «Әділетті қоғам: саяси қағидаттар мен құндылықтар жүйесі» атты онлайн семинарға қатысып, өзім үшін маңызды ой түйдім. Спикерлердің мазмұнды баяндамалары мен қызу пікірталастар мені бей-жай қалдырған жоқ. Осындай іс-шаралар жастардың азаматтық көзқарасын қалыптастырып, әділетке ұмтылуға шабыттандыратынына сенемін».