Басты бетАстанада Қазақстандағы ішкі туризмге арналған дөңгелек үстел өтеді

Астанада Қазақстандағы ішкі туризмге арналған дөңгелек үстел өтеді

Астанада Қазақстандағы ішкі туризмге арналған дөңгелек үстел өтеді

2025 жылғы 30 қыркүйекте сағат 15.00-де ҚР ПІБ Президенттік орталығында «Қазақстандағы ішкі туризм: өңірлік басымдықтар, кадрлық әлеует және заңнамалық аспектілер» атты дөңгелек үстел өтеді. Іс-шараны «Respublica» партиясы, Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы және Парламентаризм институты ұйымдастырады.

Іс-шара Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған идеялардың жалғасы болмақ, онда ішкі туризмнің келешегін талқылауға, кадрлық әлеуетті дамытуға, саланың заңнамалық базасын жетілдіруге ерекше мән беріледі.

Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік органдардың, сараптамалық және ғылыми қауымдастықтың, туристік бизнестің өкілдері қатысады. Қазақстан Республикасы Парламенті атынан туризмді кадрлық және заңнамалық қамтамасыз ету мәселесін бірнеше рет көтерген Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова қатысады. Іс-шара барысында ҚР Президенттік орталық директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова, Парламентаризм институты директорының кеңесшісі Владимир Волков және Жария заңнама және мемлекеттік басқару орталығының басшысы Шолпан Саймова сөз сөйлейді.

Өңірлік күн тәртібіне ерекше назар аударылады: Жетісу, Ұлытау, Абай, Алматы, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері ішкі туризмді дамыту бойынша жетістіктерін, қиындықтарын, ұсыныстарын ортаға салады.

Іс-шараның қорытынды бөлімі сараптамалық талқылауға және қорытынды ұсыныстарды бекітуге арналады.

 

 

Аккредитация міндетті!

БАҚ өкілдерінен 2025 жылғы 30 қыркүйек, сағат 11:00-ге дейін сауалнамаға сәйкес деректерін saule.onalbaeva@mail.ru электрондық поштасына жолдауды сұраймыз.

Анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 69-30-57, +7 707 955 59 05 (Сауле Оналбаева).

Мекенжайы: Астана қ., Бөкейхан көшесі, 1а.