


Астанада Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейіде 6-сынып оқушылары үшін «Ұлттық құндылықтар ұлағаты» тақырыбында көшпелі дәріс өтті.
Іс-шараның мақсаты оқушыларды ұлттық құндылықтар ұғымымен және олардың қазіргі қоғам үшін маңызымен таныстыру, сондай-ақ өз халқының мәдениетіне, тарихына, салт-дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Дәрісте ұлттық құндылықтардың негізгі түрлері қарастырылды: тарихи, мәдени, әлеуметтік және рухани. Оларды отбасында, мектепте, қоғамда сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізуге ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар сонымен қатар жаһанданудың ұлттық дәстүрге әсері мен заманауи әлемде бірегейлікті сақтау жолдарын талқылады.
Ұлттық құндылықтар әрбір халықтың рухани өмірінің іргетасы, ұлттық болмысын қалыптастырып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қоғамның тұрақтылығы мен бірлігін қамтамасыз ететіні атап өтілді.