Басты бет«Сұңқар» балабақшасында өткен танымдық музейлік сабақ

«Сұңқар» балабақшасында өткен танымдық музейлік сабақ

«Сұңқар» балабақшасында өткен танымдық музейлік сабақ

Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының «Музей және балалар. Кішкентайларға арналған жол сілтеуші әліппе» жобасы аясында №94 «Сұңқар» балабақшасында көшпелі музейлік сабақ өткізілді.

Бұл сабақта мектепке дейінгі бүлдіршіндер әліппемен, жаңа сөздер мен ұғымдармен танысты. Білімдерін бекіту үшін танымдық ойындар, шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылып, Президенттік орталықтың музей қорынан таңдалған бірнеше экспонаттар көрсетілді.

Мектепке дейінгі мекемелерде осындай сабақтардың өткізілуі балалардың сөздік қорын кеңейтуге, мектепке дайындалуына, сондай-ақ олардың ізденімпаздығын арттыруға, мәдениетке, тарихқа және ұлттық мұраға деген қызығушылығын оятуға бағытталған.