Басты бет«Мемлекеттік тіл және тіл мәдениеті: Абайдың 180 жылдығы мен Ахмет мұрасы аясында»

«Мемлекеттік тіл және тіл мәдениеті: Абайдың 180 жылдығы мен Ахмет мұрасы аясында»

«Мемлекеттік тіл және тіл мәдениеті: Абайдың 180 жылдығы мен Ахмет мұрасы аясында» «Мемлекеттік тіл және тіл мәдениеті: Абайдың 180 жылдығы мен Ахмет мұрасы аясында» «Мемлекеттік тіл және тіл мәдениеті: Абайдың 180 жылдығы мен Ахмет мұрасы аясында» «Мемлекеттік тіл және тіл мәдениеті: Абайдың 180 жылдығы мен Ахмет мұрасы аясында» «Мемлекеттік тіл және тіл мәдениеті: Абайдың 180 жылдығы мен Ахмет мұрасы аясында»

2025 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президеті Іс басқармасының Президенттік орталығы Қазақстан халқы тілдері мен Ахмет Байтұрсынұлының туған күнін атап өтті.

Осыған байланысты ұжым арасында ашық диктант ұйымдастырылды, оның негізгі мақсаты – қызметкерлердің білімін тексеру емес, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және оның мәртебесін нығайту.

Іс-шараның ресми бөлігінде сөз бастаған директордың орынбасары                       Ботагөз Қайыпова  Президенттік орталықтың ұжымын атаулы мерекемен құттықтап, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР заңының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, қазақ төл әліпбиінің негізін қалаған ұлт ұстазы                                     Ахмет Байтұрсынұлының  туған күнінің қатар тойлану себебіне тоқталып, аңыз адамның қазақ тілінің болашағы үшін атқарған еңбектеріне тоқталып өтті. Сондай-ақ бас тәлімгер, директордың орынбасары Серік Сыдықов  қазақ тілінің цифрлық даму аясындағы мүмкіндіктерін, оның ішінде жасанды интеллект жүйесіне қазақ тіліндегі сөздік қордың толықтырылғанын атап өтті. Ал әкімшілік қызметтің басшысы Қанат  Дайырбеков өз баяндамасында шараның негізгі мақсатын түсіндіріп, республикалық деңгейде 180 жылдығы атап өтілген ұлы Абай Құнанбайұлының мұрасы ұлттық мәдениет пен тілдің нығаюындағы маңызды тетік екенін айтып өтті.

Шара мемлекеттік тілді насихаттау мен тіл мәдениетін қалыптастыру бағытындағы игі бастамалардың бірі. Диктанттың қорытындысы қызметкерлерге ресми түрде ұсынылады.