Басты бетПрезиденттік орталықта «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Тоғысқан өнер үндестігі»...

Президенттік орталықта «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Тоғысқан өнер үндестігі» атты көрме ашылды

Президенттік орталықта «Таза Қазақстан» республикалық акциясы  аясында «Тоғысқан өнер үндестігі» атты көрме ашылды Президенттік орталықта «Таза Қазақстан» республикалық акциясы  аясында «Тоғысқан өнер үндестігі» атты көрме ашылды Президенттік орталықта «Таза Қазақстан» республикалық акциясы  аясында «Тоғысқан өнер үндестігі» атты көрме ашылды Президенттік орталықта «Таза Қазақстан» республикалық акциясы  аясында «Тоғысқан өнер үндестігі» атты көрме ашылды

ҚР ПІБ Президенттік орталығында мүсінші Сырым Мүсірепов, сәулетші Сәбит Сухамбердиев, режиссер Әлия Әубәкірова және фотограф Дәурен Сембаевтың «Тоғысқан өнер үндестігі» атты бірлескен көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрме «Тәуелсіздіктің мәдени негізі» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Бұл іс-шараның мақсаты - көркем шығармаларды сәулеттік және ішкі кеңістікке үндестіру арқылы көрерменге жеткізу.  Адамның жеке кеңістігі ретінде алынған «үйге» басты назар аударылған: үйдің ішіндегі өнер туындылары адамның шабытын оятып, ішкі энергиясын жақсартады.

Көрме Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың бастамасы «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды.

Айта кететін жайт, көрмеде ұсынылған туындылар  экологиялық таза материалдардан құралған.

Іс-шараға 60 аса шығармашыл жастардың өкілдері қатысты.

Бұл жобаның басты ерекшеліктерінің бірі – бұл шығармашылық серіктестік, көрмеде көрініс тапқан көркемдік және дизайнерлік шешімдер соның нәтижесі. Жоба авторлары кино элементтерін, арт-иллюстрация және дизайн салаларын біріктіру арқылы көрермен көзайымына айналатын туында жасады.  

Баста мақсат – тоғысқан өнер үндестігі ашық сұқбат кеңістігін, жайлылық пен ішкі тепе-теңдікті сақтайтын алуантүрлі, жанды эко-жүйе құру болып табылады.

Бұл жоба жас әрі дарынды авторлардың ұжымдық жұмысының нәтижесі болып табылады.

 

Анықтама ретінде. Сырым Мүсрепов 1996 жылы 1 қазанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2013 жылы «Суретші-көркемдеуші» мамандығы бойынша Қалалық көркемөнер лицейі – ЮНЕСКО клубын аяқтаған. 2021 жылы «Мүсін» мамандығы бойынша Қазақ Ұлттық Өнер Университетін тәмамдаған.

Сәбит Сухамбердиев 1983 жылы 11 шілдеде Ақтау қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Алматы қаласында дизайн мектебінде білім алды. «Хабар» телеарнасында өткізілген «Дизайнерлер шайқасы» интерьерлік реалити шоуының жеңімпазы. «Пәтер 170» атты интерьерлік сериалдың авторы және продюссері (2023 жыл). Жаңа форматтағы «OYU PARAMOUNT GROUP» компаниясының негізін қалаушылардың бірі (2025 жыл). Оның шығармашылығы – сәулет өнері мен кинематогрфия саласын үштастырудың жарқын көрінісі.

Әлия Әубәкірова 1975 жылы 5 қаңтарда Жамбыл облысында дүниге келген. «ATAU-2020» атты Халықаралық қысқа метражды кинофестивальдің ұйымдастырушысы. «Ерекше балалар» тақырыбындағы ашылған «BAITEREK-2022» атты Халықаралық қысқа метражды кинофестивальдің негізін қалаушы ( Астана қ.)

Дәурен Әбілхаятов 1987 жылы 29 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында туылған. 2012 жылдан бастап фотосурет өнеріне қызығушылығы оянады. 2013 жылдан бастап бұл қызығушылығы негізгі кәсібіне айналады. Фотосурет өнеріндегі негізгі бағыттары: үйлені тойы, портретный және корпоративный.

2023 жылы «Wedding Awards Kazakhstan» номинациясы бойынша Қазақстанның ең үздік 3 фотосуретшісі атанды.