


ҚР Президенті Іс Басқармасының Президенттік орталығында өзекті мәселелерді түсіндіруге арналған құқықтық жалпы оқыту өтті. Аталған іс-шара еркін талқылау форматында ұйымдастырылды.
Жалпы оқыту барысында уәкілетті тұлғалардың баяндамалары тыңдалып, мәселелер практикалық тұрғыда талқыланды. Талқыланған тақырыптар қатарында келесілер болды:Еңбек қауіпсіздігі (Еңбек қауіпсіздігі жүйесінің маңыздылығы. Жұмыс берушінің міндеттері, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі саласындағы құқықтары мен міндеттері); Қаржылық тәртіп және мемлекеттік сатып алу (Мемлекеттік бюджетті тиімді және ұтымды пайдалану); Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс (Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, қызметкерлердің жауапкершілігі); Тәлімгерлік (Тәлімгерлік институтының пайда болу тарихы және оны қолданудың маңыздылығы); Ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік, құжаттық және ұйымдастырушылық тәртіп. Корпоративтік электрондық поштаны пайдалану); Этикалық мәселелер (Этикалық нормалар. Оларды сақтау маңыздылығы), сондай-ақ ұйымдық қызметке қатысты өзге де мәселелер қарастырылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша Президенттік орталық қызметкерлері мұндай кездесулердің өткізілуінің қажеттілігін бірауыздан қолдады.