Басты бетПрезиденттік орталық пен «AMANAT» партиясының филиалы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Президенттік орталық пен «AMANAT» партиясының филиалы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Президенттік орталық пен «AMANAT» партиясының филиалы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Президенттік орталық пен «AMANAT» партиясының филиалы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Президенттік орталық пен «AMANAT» партиясының филиалы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2025 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Президенттік орталығында Орталық пен «AMANAT» партиясының Астана қаласы «Бірлік» аумақтық филиалы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум азаматтық қоғам институттарын, бәсекеге қабілетті заманауи саяси жүйені жетілдіру  бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесудегі тараптардың әрікетін үйлестіру, сондай-ақ Мемлекет басшысының стратегиялық идеяларын ілгерілету мен насихаттау, елдегі бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту  мақсатында жасалды.

Меморандумға Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы директорының орынбасары, «Тұңғыш» БПҰ төрағасы С.С. Сыдықов және «AMANAT» партиясының Астана қаласы «Бірлік» аумақтық филиалының атқарушы хатшысы Е.С. Серкебаев қол қойды.