Басты бетЦифрлық серпіліс: ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығының жобасы WSIS Prizes 2025 халықаралық ба...

Цифрлық серпіліс: ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығының жобасы WSIS Prizes 2025 халықаралық байқауында жеңіске жетті

Цифрлық серпіліс: ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығының жобасы WSIS Prizes 2025 халықаралық байқауында жеңіске жетті Цифрлық серпіліс: ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығының жобасы WSIS Prizes 2025 халықаралық байқауында жеңіске жетті Цифрлық серпіліс: ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығының жобасы WSIS Prizes 2025 халықаралық байқауында жеңіске жетті Цифрлық серпіліс: ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығының жобасы WSIS Prizes 2025 халықаралық байқауында жеңіске жетті Цифрлық серпіліс: ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығының жобасы WSIS Prizes 2025 халықаралық байқауында жеңіске жетті

Бүгін Женевада БҰҰ-ның ғаламдық цифрлық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бастамасы - Ақпараттық қоғам мәселелері жөніндегі дүниежүзілік саммиттің (WSIS) 20 жылдығына арналған WSIS+20 High-Level Event жоғары деңгейдегі іс-шарасы аясында WSIS Prizes 2025 халықаралық беделді сыйлығының жеңімпаздары жарияланды. Өз номинациясында бірінші орынды ҚР Президенті Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы ұсынған "Ахуалдық-талдамалық кешені”(АТК) жобасы жеңіп алды. Қазақстандық команда әзірлеген бұл жоба «Даму үшін АКТ-ны ілгерілетуде үкіметтер мен барлық мүдделі тараптардың рөлі» санатында үздік деп танылды. -«Бұл жеңіс еліміздің цифрлық дамуының халықаралық деңгейде мойындалуы. Қазақстан жоғары технологиялық әлеуетке ие екенін көрсетіп, әлемдік трендтерді қуып қана қоймай, маңызды цифрлық шешімдерді ұсынып, оларды жаһандық деңгейде дамытуға үлес қоса алатынын дәлелдеді», – деп атап өтті ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығының басшысы Дәурен Нұралиев. Айта кетейік, биылғы байқауға әлемнің түрлі елдерінен 1000-ға жуық жоба ұсынылған болатын. Қазақстанға салтанатты марапаттау рәсімінде де ерекше назар аударылды: марапаттау сессиясын дәл қазақстандық команда ашты. Жеңімпаздарға марапатты Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭБО) басшысы Дорин Богдан-Мартин мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысқан ресми рәсімде табыстады. "Ахуалдық-талдамалық кешені”(АТК)– мемлекеттік сектордағы деректерді талдау, мониторинг жасау және жедел басқару үшін әзірленген инновациялық цифрлық платформа. Жүйе елдің барлық өңірлері бойынша 500-ден астам әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін қамтиды және стратегиялық шешімдерді нақты уақыт режимінде қабылдауға мүмкіндік береді.