Басты бетПрезиденттік орталықта Домбыра күні аталып өтті

Президенттік орталықта Домбыра күні аталып өтті

Президенттік орталықта Домбыра күні аталып өтті Президенттік орталықта Домбыра күні аталып өтті Президенттік орталықта Домбыра күні аталып өтті Президенттік орталықта Домбыра күні аталып өтті Президенттік орталықта Домбыра күні аталып өтті Президенттік орталықта Домбыра күні аталып өтті

Домбыра күні қарсаңында ҚР ПІБ  Президенттік орталығында «Домбыра – ата-бабаларымыздың қымбатты мұрасы» атты мәдени-ағартушылық іс-шара өтті.
Қазақ халқы үшін домбыра – тек ұлттық аспап қана емес, халықтың мұңын да, қуанышын да нәзік жеткізе білетін сенімді серігі.
2018 жылдан бастап шілде айының бірінші жексенбісінде елімізде Домбыра күні – Қазақтың ұлттық аспабы күні ретінде аталып өтеді. Содан бері бұл күн бүкіл қазақстандықтарды біріктіретін жалпыұлттық мерекеге айналды.
Іс-шараға «AMANAT» партиясының «Бірлік» Астана аумақтық филиалының жауапты хатшысы Есенбек Серкебаев, ҚР Президенті Іс Басқармасына қарасты ұйымдардың қызметкерлері және «Тұңғыш» бастапқы партия ұйымының мүшелері қатысты.
Президенттік орталық директорының орынбасары, «Тұңғыш» БПҰ төрағасы Серік Сыдыков бұл айтулы мерекенің маңыздылығына ерекше тоқталды.
Шара барысында Президенттік орталық қызметкерлері ұлттық қазақ аспаптарының тарихына арналған «Қазақтың музыкалық өнері» атты дәріс оқып, домбырамен музыкалық қойылымдар ұйымдастырды.