Басты бетҚР Президенттік орталықта «Астана – арман қала» мерекелік іс-шарасы өтеді

ҚР Президенттік орталықта «Астана – арман қала» мерекелік іс-шарасы өтеді

ҚР Президенттік орталықта «Астана – арман қала» мерекелік іс-шарасы өтеді

2025 жылғы 4 шілде күні сағат 11:00-де ҚР ПІБ Президенттік орталығында Астана күніне арналған «Астана – арман қала» атты мерекелік іс-шара өтеді. ​Аталған іс-шара өскелең ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігі мен құрметін қалыптастыруға бағытталған. Оған Астана қаласындағы №5 «Ақбота» балабақшасының 50 тәрбиеленушісі қатысады.​​​​​​Мерекелік іс-шараны Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы директорының орынбасары Серік Сыдыков ашады. ​​​

Шараға балалардың ата-аналары, елордалық мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің қос палатасының депутаттары, қоғамдық ұйымдардың басшылары қонақ ретінде шақырылған. ​​​​​Бағдарлама соңында кішкентай қатысушыларға ұйымдастырушылар мен демеушілер атынан сыйлықтар мен естелік тартулар табыс етіледі.