




ҚР ПІБ Президенттік орталығының қызметкерлері Астана күніне орай елордадағы №87 «Қадыр» балабақшасының тәрбиеленушілеріне «Арайлы Астана» тақырыбында музей сабағын өткізді.
Жас өрендерді мәдени-тарихи құндылықтарға баулуға, патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған сабақта балдырғандар елорданың тарихымен танысты.
Сондай-ақ бас қаланың зәулім ғимараттары: «Ақорда» резиденциясы, «Астана Опера» театры, «Тәуелсіздік» сарайы, «Бәйтерек» монументі, «Бейбітшілік және келісім» сарайы, «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық кешені туралы мол мағлұмат алды. Сабақ барысында балалар назарына Президенттік орталықтың музейіндегі «Астана» залының фотосуреттері мен музей қорынан алынған жәдігерлер ұсынылды.
Бас қаланың кішкентай тұрғындары сабаққа белсене қатысып, жұмбақтарды шешіп, елорданың ғимараттарын бейнелейтін пазл құрады. Мерекелік сабақ соңында балалар өз өнерлерін ортаға салды.