



Бүгін ҚР Президенттік орталықта кітапхана қорына екінші тоқсанда келіп түскен жаңа басылымдарды оқырмандарға таныстыру мақсатында «Жақсы кітап – жан азығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме аясында қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне арналған еңбектер, Ұлы Даланың археологиялық зерттеулерінің нәтижелері туралы әдебиеттер, сондай-ақ сирек және құнды кітаптар көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, халықаралық достық байланыстар аясында Өзбекстан, Түрікменстан, Сауд Арабиясы мемлекеттерінің басшыларынан сыйға тартылған әдебиеттерге де арнайы шолу жасалды.
Шараның екінші бөлімінде жиналған оқырмандармен еркін форматта сұхбат өтіп, викториналық-зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Белсенділік танытқан қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.