Басты бетПрезиденттік орталықта Нұрмұхаммат Имамовтың «Менің Астанам: өткені мен бүгіні» атты фотокөрмесі...

Президенттік орталықта Нұрмұхаммат Имамовтың «Менің Астанам: өткені мен бүгіні» атты фотокөрмесі ашылды

Президенттік орталықта Нұрмұхаммат Имамовтың «Менің Астанам: өткені мен бүгіні» атты фотокөрмесі ашылды Президенттік орталықта Нұрмұхаммат Имамовтың «Менің Астанам: өткені мен бүгіні» атты фотокөрмесі ашылды Президенттік орталықта Нұрмұхаммат Имамовтың «Менің Астанам: өткені мен бүгіні» атты фотокөрмесі ашылды Президенттік орталықта Нұрмұхаммат Имамовтың «Менің Астанам: өткені мен бүгіні» атты фотокөрмесі ашылды Президенттік орталықта Нұрмұхаммат Имамовтың «Менің Астанам: өткені мен бүгіні» атты фотокөрмесі ашылды Президенттік орталықта Нұрмұхаммат Имамовтың «Менің Астанам: өткені мен бүгіні» атты фотокөрмесі ашылды Президенттік орталықта Нұрмұхаммат Имамовтың «Менің Астанам: өткені мен бүгіні» атты фотокөрмесі ашылды Президенттік орталықта Нұрмұхаммат Имамовтың «Менің Астанам: өткені мен бүгіні» атты фотокөрмесі ашылды Президенттік орталықта Нұрмұхаммат Имамовтың «Менің Астанам: өткені мен бүгіні» атты фотокөрмесі ашылды Президенттік орталықта Нұрмұхаммат Имамовтың «Менің Астанам: өткені мен бүгіні» атты фотокөрмесі ашылды Президенттік орталықта Нұрмұхаммат Имамовтың «Менің Астанам: өткені мен бүгіні» атты фотокөрмесі ашылды

ҚР ПІБ Президенттік орталығында белгілі қазақстандық фототілші, өлкетанушы Нұрмұхаммат Имамовтың «Менің Астанам: өткені мен бүгіні» атты фотокөрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Көрме Астана күніне орай ұйымдастырылды.

Жоба ҚР Президенті Іс Басқармасының Президенттік орталығы, «Қалалық туризмді дамыту орталығы» қауымдастығы, «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы, Астана қаласының гидтер клубы және фотошебердің отбасы қолдауымен жүзеге асырылды.

 Көрменің басты мақсаты – Астана қаласының тарихын визуалды түрде сақтау және деректі фотосурет өнерін мәдени-тарихи құндылық ретінде насихаттау.

Экспозицияға Нұрмұхаммат Имамовтың 40 жылдан астам уақыт ішінде «Ақмола правдасы» және басқа да басылымдарда фототілші ретінде еңбек еткен жылдарында түсірілген 300-ден астам архивтік суреттері енгізілген. Фотосуреттерде елорданың қалыптасу кезеңдері, сәулет келбетіндегі өзгерістер, тұрғындардың күнделікті өмірі мен қарапайым адамдардың бейнесі бейнеленген.

Президенттік орталықтың директоры Бақытжан Берікбайұлы Темірболат қонақтарға арнаған құттықтау сөзінде: «Қазіргі Астана – тек әкімшілік орталық қана емес, ол – бір ұрпақтың Тәуелсіз, дамыған және гүлденген Қазақстан туралы арманын бейнелейтін символ. Елорданың сәулетінде ұлттық дәстүр мен заманауи технологиялар үндесіп, оның тарихында – ерлік, еңбек және жасампаздық жатыр. Нұрмұхаммат Имамовтың фотожұмыстары – жай сурет емес. Бұл – өз дәуірінің тынысын сезіне білген адамның көзқарасы, өзгерістерді көріп, тарихты сақтай алған жанның шынайы хроникасы. Оның объективі – бізді онжылдықтармен жетелейтін жол. Бұл көрме – өткенге көз жүгіртіп, жүрекпен сезінуге мүмкіндік беретін ерекше оқиға. Ол әрбіріміздің жүрегімізге жол табатынына сенемін.»

Көрменің ашылуы елорда тұрғындары мен қонақтары үшін маңызды мәдени оқиғаға. Түрлі кезеңдерде түсірілген Имамовтың фотосуреттері қаланың алғашқы даму сәттерінен бастап бүгінгі қарқынды дамыған мегаполиске дейінгі жолды көрнекі түрде бейнелейді.

«Мен Ақмолинск қаласында, Ақмолинск көшесінде туып-өстім. Имамовтар отбасымен көрші болдық. Сондықтан бұл көрменің ашылуына қатысу – мен үшін ерекше толғанысты сәт. Нұрмұхаммат Имамов тек суретке түсіріп қойған жоқ – ол уақыт рухын сақтап қалды. Оның архиві – әлі толық зерделенбеген тірі тарих. Әлеуметтік желілерде жарияланып жатқан оның суреттері – нағыз мұра. Онда біздің көшелеріміз, үйлеріміз, таныс жүздер – бәрі жанды. Әр сурет – жүрегіміздің, қаламызға деген махаббатымыздың айғағы. Ол мұның бәрін атақ үшін емес, болашақ ұрпақ үшін жасады. Енді осы істі жалғастыру – біздің парызымыз», – деді өлкетанушы, OldAstana жобасының авторы Рафаиль Давлеткильдеев.

Көрме көрермендерге елорданың ресми емес, күнделікті тіршілігін – аулаларын, көшелерін, мерекелер мен қарапайым өмір көріністерін көруге мүмкіндік береді. Бұл архивті болашақ ұрпақ үшін ғана емес, сонымен бірге кәсіби тарихшылар, сәулетшілер мен социологтар үшін де баға жетпес құнды мұраға айналдырады.

Журналист және өлкетанушы Дмитрий Глухих өз естеліктерімен бөлісті: «Біз Нұрмұхаммат Имамовпен мен мектеп бітіріп жатқан кезде таныстық. Сол сәттен бастап бір-бірімізді бірден түсіндік, өйткені ол бұл қаланы шын жүрегімен жақсы көретін. Егер Астанаға келген әр адам осы қаланы Имамовтай сүйе білсе, онда ол бұрынғыдан да мейірімді, жарқын болар еді. Ол әр кірпіштің, әр көше бұрышының құнын білді. Оның архивін сақтап қалған ұрпағына алғыс айтамын – бұл нағыз азаматтық ерлік.»

«Бұл көрме – елордамыздың туристік тартымдылығын арттыруға қосылған маңызды үлес. Ол бізге қаланың тірі тарихына үңілуге және Астананы Нұрмұхаммат Имамовтың көзімен көруге мүмкіндік береді. Осындай мұраны сақтаған ұйымдастырушылар мен отбасы мүшелеріне алғысымыз шексіз», – деді «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы басқарма төрағасының орынбасары Олжас Пазымбекұлы Ибраев.

Астана қаласының құрметті азаматы, өнертанушы Нелли Викторовна Шиврина:«Имамов – зерттеуші, романтик, жан-жақты талант иесі болды. Ол тек суретке түсіріп қойған жоқ – ол қаланың жанын қағаз бетіне түсірді. Оның ісін лайықты жалғастырып жүрген ұлы Ренатқа алғыс білдіреміз».

Көрменің арнайы бөлімінде 1977 жылы Целинниктер сарайында қойылған фотоматериалдар ұсынылған. Олар фотошебердің ұлы Ренат Имамовтың бастамасымен сандық форматқа көшірілген. Архивті жүйелеу жұмысы жалғасып жатыр, ал оның бір бөлігі www.imamov.kz сайтында қолжетімді.

 

«Менің Астанам: өткені мен бүгіні» атты фотокөрме 2025 жылғы 10 тамызға дейін Президенттік орталықта өтеді. Барша астаналықтар мен қала қонақтарын тамашалауға шақырамыз.