Басты бетЗергерлік өнер – ұлттық мұра

Зергерлік өнер – ұлттық мұра

Зергерлік өнер – ұлттық мұра Зергерлік өнер – ұлттық мұра Зергерлік өнер – ұлттық мұра

ҚР ПІБ Президенттік орталығының қызметкерлері Қосшы қаласындағы IT мектеп-лицейі жанындағы лагерьге қатысатын балаларға «Қазақтың зергерлік өнері» тақырыбында көшпелі музей сабағын өткізді.

Жазғы демалыстағы жас жеткіншектерге тамырын тереңнен алатын қазақтың зергерлік өнері туралы мол мағлұмат берілді. Сондай-ақ қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдарының түрі мен тарихы, мән-мағынасы әрі ерекшеліктері түсіндірілді.  Әсіресе нәзік жандарға арналған әшекей бұйымдар қыздардың қызығушылығын оятты. Олар күмістен жасалған сырға, шашбау, бойтұмар, жүзік сынды әртүрлі бұйымдарды ұстап, тағып көрді.

  Осылайша атадан мұра боп жеткен зергерлік өнердің тарихына терең бойлаған балалар саф өнердің сырына қанықты.